III Роберт (Шотландия патшасы)
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
III Роберт (ағылш. Robert III; 14 тамыз 1337 — 4 сәуір 1406) — Стюарттар әулетінен шыққан Шотландия патшасы.
Remove ads
Жас кезі
ІІІ Роберт ресми некеден бұрын туған шотланд патшасы II Роберт мен Элизабет Мурдың үлкен ұлы, алайда бұл әкесі қайтыс болғаннан кейін оның тағына жетуіне кедергі болмады. II Роберт үлкен ұлы туған кезде оған Джон (Иоанн) деген ат берілді, бірақ 1390 жылы билікке келген кезде III Роберт атауын Иоанн Баллиоль мен Француздық II Иоаннның қайғылы тағдырын қайталаудан аулақ болу ырымымен қабылдады.
1368 жылы жас Джон Стюарт Каррик графы титулын алды, ол сол уақытта шотландтық тақ мұрагерлеріне берілді. Елдің орталық әкімшілігінің дағдарыс қартайған король II Роберттің кезінде, Каррик графы 1384 жылы шотланд парламентінің сот пен әкімшілік саласындағы ерекше өкілеттіктерін алды. Алайда ізбасар, елдегі заңдар мен тәртіпті қалпына келтіруде табысқа жете алмады. 1388 жылы ат тұяғының кездейсоқ соққысы Каррик графын мүгедектікке айналдырды, бұл оны елді басқарудан шеттетуге алып келді.
Remove ads
Ішкі саясат

1390 жылы 13 тамызда елу үш жасар III Роберт Шотландияның тағын иеленді. Патша не ауруының әсерінен, не кәрілігінің әсерінен елді тиімді басқара алмай, билікті бауыры, Файф графы, Роберт Стюартқа тапсырды.
Шотландиядағы III Роберт патшалығының дәуірі елдегі заңдар мен тәртібінің жоқтығы және әкімшіліктің бұзылуымен ерекшеленді. Бұл кезеңде кландық жүйенің әсері, әсіресе елдің таулы аймақтарында күрт өсті: ең ірі кландар өзара жауласты, таулықтар жағалаудағы қалаларға (1390 жылы Элгиннің күйдіруі) шапқыншылық жасады, елдің «жабайы» кельтті батысы мен «өркениетті» шығысының арасында антагонизм күшейді. 1396 жылы Пертте патшаның көзінше Хаттан мен Кей кландары арасында үлкен жекпе-жектер өтті, нәтижесінде қанды қырғынға айналып, тірі қалғандар біраз болды. Екінші жағынан, орталық үкіметтің әлсіздігі елдің таулы бөлігінің кельт мәдениетін қалпына келтіруге ықпал етті. Кельт қозғалысының көшбасшысы - патшалық билікке қатысты түбегейлі тәуелсіз саясат жүргізіп жүрген Аралдар лорды, Дональд Макдональд болды.
II Роберт билік басында басталған қазыналық табыстың құлдырауы, III Роберттің билігі кезінде шарықтау шегіне жетті: кеденнен түсетін табысты түрлі шотландтық барондарға патша бөлді, салық жинау тоқталды (1399 жылы Англиямен бейбіт келіссөздерді қаржыландыру үшін салық салуды енгізу әрекеті ақсүйектердің қарсыласуына әкеліп соқтырды). Мемлекеттік аппараттың қаржылық кірістерінің жалғыз көзі корольдік домен (аймақ) болып қалды, ол әр түрлі сыйлық сыйлаудың салдарынан үнемі азайып отырды.
1390 жылдардың соңында әлсіз III Роберт мен елдің нақты әкімшілігіне әсер ету үшін күрес күшейе түсті. Қарама-қарсы екі магнаттар тобы басқарды: бауыры Роберт Стюарт, 1398 жылдан бастап - Олбани герцогы; патшаның ұлы және тақ мұрагері Ротсей герцогы, Дәуіт. 1399 жылы Олбани мемлекетті тиісті деңгейде басқармады деп парламентті айыптады, сосын ол лауазымынан босатылды, ал Дәуіт Стюартқа елде 3 жылға билікті басқару функциялары беріліп, патшалықтың «лейтенанты» болып тағайындалды, бірақ тұрақты парламенттік комиссияның бақылауынан өтіп отырды. Алайда оның басты одақтасы — Дуглас графының өлімі және Англиямен соғыстың қайта жандануы - мұрагердің партиясын әлсіреді. 1402 жылы Олбани герцогы Ротсейді тұтқындады және мүмкін аштықтан қайтыс болды. Олбани елдегі билігін қайта қалпына келтірді. III Роберт ұлының баскесерлірін кешіргенін жариялады.
Remove ads
Сыртқы саясат
1391 жылы франко-шотландық альянстың қалпына келуіне қарамастан, III Роберт патшаның билік еткен уақыттың бірінші жартысы ұзаққа созылған бітіммен және біршама Англиямен жақындасуымен есте қалды. Екі мемлекеттің асыл тектілердің арасында рыцарлық сайыстар ұйымдастырылып, III Роберт мен Ричард II-нің сарайлары арасындағы байланыс күшейе түсті. Бейбітшілік шарты жайлы келіссөздер басталды. Алайда 1399 жылы Англиядағы төңкеріс пен Генрих IV Ланкастердің билікке келуі тағы да Шотландияда соғыс басталу қаупін төндірді.
Соғыстың себебін тақ мұрагердің өзі, Ротсей герцогы, Дәуіт жасады. Дуглас графы ұсынған үлкен жасаудың салдарынан Марч графы, Джордж Данбардың қызымен некелесуден бас тартқан Ротсей, Данбарды ағылшын патшасынен көмек сұрауға мәжбүр етті. Генрих IV бұл мүмкіндікті пайдаланып, Англияның Шотландия үстінен егемендігіне талаптарын мәлімдеп, Шотландия патшасыне соғыс ашты. 1400 жылы ағылшын әскері Шотландияның аумағына басып кіріп, Эдинбургды қоршады, ал 1402 жылы Генри Перси Гомиландон Хомильдон-Хилл тұбіндегі шайқаста шотланд армиясын жеңді.
Өз кезегінде, Шотландия Англия мен Уэльсте Генрих IV-ге қарсы көтерілістерді қолдады: солай III Роберт патшаның сарайында, Нортумберленд графы 1405 жылы Ланкастерге қарсы әрекетінен кейін баспана тапты.
Remove ads
III Роберттің өлімі
Екінші ұлы, жас ханзада Яковтың өмірі үшін қауіптеніп, III Роберт оны Францияға оқуға жіберуді шешті. Бірақ ханзада Яков жүзіп бара жатқан кемені 1406 жылы 14 наурызда ағылшын қарақшылары абордажға алды, нәтижесінде шотландтық тақтың мұрагері Англияға тұтқынға түсті. Мұны білген соң III Роберт жүрек ұстамасын бастан кешірді және 1406 жылы 4 сәуірде патша дүние салды. Замандарының айтуынша (Bower, Scotichronicon), III Роберт бір кездері оның қабірінде осындай эпитаф болғанын қалады: «Бұл жерде бүкіл патшалықта патшалардың ең нашары және адамдардың арасында ең бақытсызы жатыр».
Remove ads
Неке мен балалары
Оған сэр Джон Драммондтың қызы, Анабелла Драммонд тұрмысқа шыққан (1367 жылдан бастап). Олардың балалары:
- Элизабет (қай. 1411), Далкейт лорды, Джеймс Дугласына тұрмысқа шыққан (1387)
- Маргарита (қай. 1456), 4-Дуглас графы, Арчибальдқа тұрмысқа шыққан (1390)
- Мария (қай. 1458), тұрмыста 5 рет болды, алғаш рет — 1-Ангус графы, Джордж Дугласқа тұрмысқа шыққан (1387)
- Эгидия
- Дәуіт (1378—1402), Ротсей герцогы, 3-Дуглас графы, Арчибальдтың қызы, Марджори Дугласқа үйленді (1400)
- I Джеймс (1394—1437), Шотландия патшасы (1406 жылдан бастап)
Remove ads
Әдебиет
- John of Fordun, Scotichronicon, continued by Walter Bower.
- Nicholson, R. Scotland: the Later Middle Ages, Edinburgh, 1997
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads