Робер Пирес

From Wikipedia, the free encyclopedia

Робер Пирес
Remove ads

Робер Эммануэль Пирес (фр. Robert Emmanuel Pirès; 29 қазан 1973, Реймс) — француз футболшысы, жартылай қорғаушы. Франция ұлттық құрамасында 1996-2004 жылдары ойнады.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Толық аты ...
Remove ads

Карьерасы

Құрама сапында мүмкін болған жүлденің бәріне қол жеткізді. 1998 жылы әлем чемпионы, 2000 жылы Еуропа чемпионы атанды. 2001, 2003 жылдары Конфедерация кубогын ұтып алды. Олардан бөлек 2004 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Клубтық деңгейде ең көп жүлделі болған шақтары Лондонның "Арсеналында" ойнап жүрген кездері. 2002, 2004 жылдары Англия чемпионы атанды. 2003/04 жылғы Англия чемпионатының маусымында "Арсенал" бір рет те ұтылмастан чемпионатты аяқтады. Бұл жетістікке Пирес өлшеусіз үлес қосты.

"Арсенал" сапында 2006 жылы Чемпиондар Лигасының финалында ойнады. Ойынның 18-минутында қақпашы Йенс Леманн алаңнан қуылды да, ойынға екінші қақпашыны қосу үшін бапкер алаңнан Пиресті шығарып алды да, матчты толық ойнай алмады. Айта кетейік, бұл ойында "зеңбірекшілер" 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Remove ads

Жетістіктері

Командалық

Мец

  • Француз лигасы кубогы: 1996

Арсенал

  • Англия чемпионы (2): 2002, 2004
  • Англия кубогы (3): 2002, 2003, 2005
  • Англия суперкубогы (2): 2002, 2004

Ұлттық құрама

  • Әлем чемпионы: 1998
  • Еуропа чемпионы: 2000
  • Конфедерациялар кубогы (2): 2001, 2003

Жеке

  • Франция чемпионатының үздік жас футболшысы: 1996
  • Конфедерация кубогының үздік мергені: 2001
  • Конфедерация кубогының үздік футболшысы: 2001
  • Конфедерациялар кубогындағы Франция құрамасының гол соғудан рекордшысы: 5 гол
  • Англия чемпионатындағы жыл командасы тізіміне енді (3): 2001/02, 2002/03, 2003/04
  • Құрмет легионы ордені: 1998
  • ФИФА 100

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads