Роборовский атжалманы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Роборовский атжалманы (лат. Phodopus roborovskii) — аламантәрізділер тұқымдасының атжалман туысына жататын кеміргіш. Қазақстанда Зайсан қазаншұңқырының шығыс жағындағы Қара Ертіс жайылмасындағы құмды жерлерді ғана мекендейді. Қазақстанда кездесетін атжалмандардың ішіндегі ең ұсағы (дене тұрқы 75 — 90,5 мм, салмағы 17,5 — 26 г). Күндіз інінде жатады да, түнде қорегін іздеуге шығады, негізінен жеке-жеке тіршілік етеді. Өсімдіктердің тұқымдарымен, жапырақтарымен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Ініне азықтық қор жинайды. Роборовский атжалманының аналықтары жылына екі рет 4 — 8-ден ұрпақ туады. Өте сирек кездеседі, таралу аймағы өте шағын, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.[2][3]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads