Рок-музыка
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Рок-музыка (ағылш. Rock — теңселу, сілкіну) — қазіргі замандағы поп-музыка саласы. Рок-музыка негізін Солтүстік Американың халықтық фольклоры — рок-н-ролл және кантри құрайды. Рок-музыка алғаш 1950 — 60 ж. Ұлыбритания және АҚШ-та қалыптасқан. Рок-музыканың танымал өкілдері — “The Beatles”, “The Rolling Stones”, “Led Zeppelin”, “Pink Floyd” сияқты музыкалық ансамбльдер. Рок-музыканың негізгі белгілері: блюздік композициялық құрылымдар, қысқа ангемитондық ырғақ, дыбысты электрлік және электрондық аспаптармен күшейту арқылы әсерлілігін арттыру. Рок-музыка жастар субмәдениетінің бір бөлігі болып саналған. Оның ішкі өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне байланысты бірқатар ағымдар дараланады. Мысалы, әлеуметтік-мәдени қозғалыстарға қатысты (“хиппи”, “панк рок”, т.б.), жас ерекшелігіне байланысты (ересектерге, жасөспірімдерге арналған), екпін мен белсенділігіне (“хард-рок”, “софт-рок”) және техникалық жабдықталуына қарай (“афро-рок”, “барокко-рок”, “джаз-рок”, т.б.), көркем мәдениет жүйесіндегі орны бойынша (коммерциялық “поп-рок”, элитарлық “рок-авангард”), т.б. Рок мәдениеті үшін музыканттардың жүріс-тұрысы, киім киісі, рок-шоуды безендіру, бейнеклиптерді шығару сияқты сыртқы көрініс факторлары маңызды рөл атқарады. ТМД елдерінде Рок-музыка 1965 — 80 ж. дамыды. Бірқатар әуесқой топтар құрылды. Сондай-ақ кәсіпқой-сазгерлердің (А.Г. Шнитке, Э.Н. Артемьев) назарына іліккен жанр элементтері кең стильдік контексте қолданылды. Кейінгі жылдары Рок-музыка Батыс елдерінде тек өнер түрі ретінде қабылданады. [1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads