Рольф Цинкернагель
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Рольф Мартин Цинкернагель (нем. Rolf Martin Zinkernagel; 6 қаңтар 1944, Риэн, Швейцария) — швейцариялық иммунолог, 1996 жылғы «Адамның иммундық жүйесі саласында, атап айтқанда, оның жеңілген жасушаны анықтай алу қабілетін ашқаны үшін» Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты. Эксперименттік иммунология профессоры (Цюрих университеті, Цюрих).
Remove ads
Өмірбаян
Рольф Цинкернагель өмірге 6 қаңтар 1944 жылы Риэн (швейцариялық кантон Базель-Штадт) қаласында келген. Оның атасы Базель университетінде неміс әдебиетінің профессоры болатын. Оның әкесі сол уақытта Швейцариядағы ірі фармацевтикалық компаниялардың бірі JR Geigy AG -де жұмыс істеді. Цинкернагель Базель университетін бітіріп, диссертацияны Аустралия ұлттық университетінде 1975 жылы қорғады.
1995 жылы Негізгі медициналық зерттеулері үшін Альберт Ласкер жүлдесін алды. 1996 жылы Рольф Цинкернагель Питер Доэртимен бірге физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығымен марапатталды.
Remove ads
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads