Ромарио
Бразилиялық шенеунік және аяқдоп шебері (1966 жылы дүниеге келген) From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Ромарио де Соуза Фария[1] (порт. Romário de Souza Faria; 29 қаңтар 1966, Рио-де-Жанейро, Бразилия) — бразилиялық футболшы, шабуылшы, бүгінде саясаткер. 2015 жылдың 1 ақпанынан бері Рио--де-Жанейро штатын Бразилияның федералды кеңесінің сенаторы.
Remove ads
Футболшы туралы фактілер
- 1994 жылы әлем чемпионы атанды. 1994 жылғы әлем біріншілігінде бес гол соқты.
- Бүгінде саясаткер. 2010 жылы Бразилия Социалистің партиясының атынан Ұлттық конгрестің төменгі палата мүшесі боп сайланды. 2015 жылы 1 ақпаннан бастап Рио-де-Жанейро штатының атынан Бразилияның федеральды сенаторы. Мерзімі 2023 жылға дейін.
- 2007 жылы 21 мамырда өзінің есептеуінше карьерасындағы 1000-шы голды енгізді. Бірақ бұл ФИФА тарапынан мойындалған жоқ. Себебі ол 1000 голдың ішінде жастар клубында соққан голдары мен клубтық командалардағы жолдастық ойындарда (клубтық командалардың жолдастық кездесулері ресми саналған емес) енгізген доптары да бар.
- Ромарионың 1000-шы голы соғылған Дуки-ди-Кашиастағы 10000 адамдық стадионға футболшының аты берілген.
- 2009 жылы 43 жасында "Америка Рио-де-Жанейро" клубында ойнап жүріп карьерасын аяқтады.
Remove ads
Жетістіктері
Васко да Гама
- Кариока лигасының чемпионы (2): 1987, 1988
- Меркосур кубогы (1): 2000
- Бразилия чемпионы (1): 2000
ПСВ
- Нидерланд чемпионы (3): 1988/89, 1990/91, 1991/92
- Нидерланд кубогы (2): 1988/89, 1989/90
Барселона (2):
- Испания чемпионы 1992/93, 1993/94
- Испания суперкубогы (1): 1994
Фламенго
- Кариока лигасының жеңімпазы (2): 1996, 1999
- Гуанабара кубогы (2): 1995, 1996
- Алтын кубок иегері (1): 1996
- Меркосур кубогы (1): 1999
- Әл-Садд
- Катар чемпионы (1): 2003/04
Бразилия
- Әлем чемпионы 1994
- Оңт. Америка чемпионы: 1989, 1997
- Конфедерациялар кубогы: 1997
- Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері: 1988
- Нидерландыдағы жыл футболшысы: 1989
- Әлем чемпионатының үздік ойыншысы: 1994
- ФИФА жыл ойыншысы: 1994
- Оңтүстік Америка жыл футболшысы: 2000
- Бразилияның үздік футболшысы: 2000
- ФИФА 100
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads