Рона
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Рона (фр. Rhône, окс. Ròse) немесе Рода́н (лат. Rhodanus, ромш. Rodan, итал. Rodano) — Швейцария мен Франция жеріндегі өзен. Лепонтин Альпісіндегі Рона мұздығынан басталып, Женева көлі мен Рона ойпатын басып өтіп Жерорта теңіздің Лион шығанағына құяды. Негізгі салалары:
- Эн
- Сона
- Ардеш (оңтүстік)
- Арв
- Изер
- Дюранс (солтүстік).
Алабының таулы өңірде.Мұздық, қар және жаңбыр суымен қоректенеді. Орташа су шығыны атырау бөлігін- де 1780 м³/сек, ең көбі 12 500 м³/сек, ең азы 360 м³/сек.Жылдық ағын мөлшері 56,2 км³.Эн өзенінің сағасынан бастап төмен қарай кеме жүзеді. Рона каналдар арқылы Рейн, Мозель, Мёз, Маас, Сена, Луара өзендерімен жалғастырылған. Гидроэнергия қоры жөнінде Франция өзендері арасында 1-орын алады. Ірі СЭС-тері: Женисья (қуаты 390 мың квт), Андре-Блондель (300 мың квт). Бойында Женева (Швейцария), Лион, Валанс, Авиньон, Арль (Франция) қалалары орналасқан.[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads