Руслан Алексеевич Стефанчук
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Руслан Олексійович Стефанчук (укр. Руслан Олексійович Стефанчук; 29 қазан 1975 жыл, Тернополь) — украиналық саяси қайраткер, құқықтанушы, заң ғылымдарының докторы, профессор, 2021 жылдан бері Верховна Рада төрағасы.[1]
Стефанчук 2019 жылғы Украина парламенті сайлауында «Халық қызметшісі» партиясының мүшесі (партиялық тізімде 2-орын) ретінде Украина парламентіне сайланды.[2] Парламентке сайланғалы бері және төрағалығына дейін Стефанчук Украина президентінің Верховна рададағы өкілі (2019–2021), Верховна Рада төрағасының Бірінші Орынбасары (2019–2021) қызметтерінде болған.
Remove ads
Өмірбаяны
Руслан Стефанчук 1975 жылғы 29 қазанда Тернополь қаласында, медицина студенттерінің отбасында дүниеге келді. 1997 жылы Хмельницький аймақтық басқару және құқық институтын «құқықтану» мамандығы бойынша және 1999 жылы Подолье технологиялық университетін (өнеркәсіп секторын басқару) үздік бітірді.
2007–2012 жылдары Верховна Рада депутаты Анатолій Матвієнконың көмекшісі болды.[3]
Стефанчук — Украина Ұлттық заң ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесі, Украинаның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері (2017).[4]
Стефанчук — Володимир Зеленськийдың 2019 жылғы сайлауалды бағдарламасы авторларының бірі.[5] Зеленскьийдың сайлауалды бағдарламасының нәтижесінде ол 2-айналымында 73% дауыс жинап, Украина президенті болып сайланды.[6]
Зеленський президент ретінде Стефанчукты 21 мамыр күні Украина президентінің Верховна Рададағы өкілі болып тағайындады.[7] Ол қызметін 2021 жылдың 7 қазанына дейін жалғастырды.[8]
2019 жылғы парламент сайлауы нәтижесінде ол «Халықтың қызметшісі» партиясы атынан депутат болып сайланды.[2] Оның інісі Микола Стефанчук та партия атынан депутат сайланған еді.[2]
2019 жылдың 29 тамызында Стефанчук Верховна Рада төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.[9] Оған халық депутаттарының 330-ы дауыс берген.[9]
2021 жылдың 7 қазанында Верховна Рада Дмитро Разумковты парламент төрағасы қызметінен босатуға дауыс берді. Келесі күні Стефанчук парламент төрағасы болып сайланды, оның тағайындалуын депутаттың 261-і қолдады.[10]
«Право України» («Украина заңы») гәзеті Редакциялық Кеңесінің төрағасы.[11]
Remove ads
Жеке өмірі
Стефанчуктың екі баласы бар: ұлы Олесь және қызы Злата. Олар заңгер мамандығы бойынша білім алуда, ұлы Украинада, қызы Аустрияның Вена қаласында. Қызы 6 тілде еркін сөйлейді.[12]
Сын
«Чесно» қозғалысының мәліметі бойынша, Стефанчуктың Киевте үйі жоқ, ол қайын енесінен пәтер жалдағаны үшін бюджеттен өтемақы алады. Стефанчук өтемақы ретінде алынған қаражатты қайтарғанын мәлімдеді.[13]
Ғылыми дәрежелері және атақтары
- заң ғылымдарының кандидаты (2000);
- доцент (2003-2019);
- заң ғылымдарының докторы (2008);
- профессор (2008 жылдан бері);
- Украина Ұлттық заң ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі (2009 жылдан бері);
- Украина Ұлттық заң ғылымдары академиясының белсенді мүшесі (академик, 2020 жылдан бері).
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads