Сайлаушы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Сайлаушы — белсенді сайлау құқығы бар және тұрғылықты жері сайлау округінің шегінде орналасқан, бұл тиісті деңгейдегі жария билік органының өкілдік сипатын қамтамасыз ететін азамат.

Сайлаушыларды тіркеу

Азаматты сайлаушылар тізіміне енгізу оның тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскесінің шекарасында тіркелуі негізінде жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жауапты құзыретті органдар Әділет органдары болып табылады.[1]

Тұрғылықты жері бойынша тіркеу мынадай құжаттар негізінде жүзеге асырылады:[1]

  • Заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үй жылжымайтын мүлігін сатып алуды растайтын немесе пайдалану құқығын, оның ішінде жалдау немесе қосалқы жалдау шарттарының негізінде растайтын құжат;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де заңды негіздерде, сондай-ақ тұрғын үй-жайдың меншік иесінің (немесе жалдаушының) жазбаша келісімімен тұрғын үй-жайда тұруға құқық беретін құжаттар.

Азаматтарды тіркеу олардың тұрақты тұрғылықты жері бойынша үй жайлардың мынадай түрлерінде жүзеге асырылады:[1]

  • тұрғын үйлер, пәтерлер, жатақханалар, қонақ үйлер; демалыс үйлері, санаторийлер, профилакториялар және медициналық мекемелер;
  • саяжай, бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтер құрамындағы тұрғын үйлер; тұруға бейімделген пансионаттар мен қызметтік үй-жайлар.
Remove ads

Сайлаушылар тізімдері

Сайлауға қатысудың міндетті шарты азаматтарды сайлаушылар тізіміне қосу болып табылады.[1]

Тұрғылықты жері бойынша сайлаушылардың тізімін тиісті әкімдік (жергілікті атқарушы орган) жасайды. Сайлау туралы ресми хабарланған сәттен бастап дауыс беруге құқығы бар әрбір азамат тиісті әкімдікке сайлаушы ретінде тіркелу туралы өтініш беруге құқылы.[1]

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads