Самара
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Самара – Ресейдегі Орта Поволжьедегі ірі қала, Поволжский экономикалық аймағыың және Самара облысының әкімшілік орталығы. Волга өзені жағалауының сол жағындағы Самара мен Сок өзендері сағаларының арасында орналасқан.
Remove ads
«Самара» – түркi тiлiнде «даладағы өзен» деген мағынаны білдіреді екен. Тұрғындар саны бойынша Самара облысы Ресей Федерациясында алтыншы орынға ие болса, ондағы 3 млн. халықтың 15 мыңнан астамы қазақтар. Самара қаласы 1935 жылдан Куйбышев атанса, 1991 жылы тарихи атауын қайта алады. Соғыстан кейін қала КСРО-ның ірі өнеркәсіп пен мәдени орталығына айналса, қазір де ірі өндіріс ошағы. Мұнда ғарыш пен авиацияның ең мықты әлеуеті қалыптасуының бір мысалы, «Прогресс» зауытында Юрий Гагарин ұшқан зымыранның құрастырылуы. 1991 жылы Самарада Сталиннің атом бомбасына төтеп беретін 40 метрлік тереңдікте орналасқан бункері табылып, әлемдік жаңалыққа айналады. Қала бүгiнде бес теңiздiң айлағы саналады. Міне, осындай төрт ғасырлық тарихы бар ежелгі Еділ бойлай орналасқан тарихи қалаға Ресейдің Мәскеу, Волгоград, Мурманск, Вологда, Түмен, Орынбор, Челябі, т.б. 15 аймағынан қандас бауырларымыз жиналды. Атажұрттан Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев бастаған делегация, Қазақстан Республикасының Астрахань қаласындағы консулы Асхат Сыздықов та келді[3]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads