Санкт-Петербург

Ресейдің федералдық мәні бар қала From Wikipedia, the free encyclopedia

Санкт-Петербург
Remove ads

Санкт-Петербург (орыс. Санкт-Петербург, ауызекі тілде — Питер) — Ресейдің федералдық мәні бар қала, Солүстік-Батыс федералды аймағының және Ленинград облысының әкімшілік орталығы. 1914 жылдың 31 тамызынан 1924 жылдың 26 қаңтарына дейін Петроград, 1924 жылдың 26 қаңтарынан 1991 жылдың 6 қыркүйегіне дейін Ленинград деп аталған.

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Remove ads

Географиясы

Санкт-Петербург Ленинград облысындағы Нева өзенінің Фин бұғазына құяр сағасында орналасқан. Тұрғындарының саны 9,50 млн-ға жуық (2018). Санкт-Петербург аумағынан 45-тен астам өзен, 40-қа жуық канал өтеді. Портты қала, әуе, автомобиль жолдарының және темір жолдың ірі торабы.

Климаты

More information Санкт-Петербург ауа райы, Көрсеткіш ...
Remove ads

Мәдениеті

Ресей ғылым академиясының ғылыми орталығы, 43 жоғары оқу орны, 120 музей, 18 театр, Салтыков-Щедрин атындағы Ресей ұлттық кітапханасы, машина, станок, аспап, кеме жасау зауыттары, тоқыма фабрикасы, химиялық, түсті және қара металургия комбинаттары бар. Метрополитені 1955 ж. іске қосылған. Қаланы 1703 ж. Петр І салдырған. 1712 — 1918 ж. Ресей астанасы болды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Санкт-Петербургдың жоғары оқу орындарында бірқатар қазақ интеллигенциясының өкілдері оқыды. Б. Қаратаев, Б.Сыртанов, Ж.Ақпаев, С.Лапин, М. Шоқай, Б. Құлманов Санкт-Петербургдың Императорлық университетінде, Ә. Бөкейхан Санкт-Петербург Императорлық орман институтында, М.Тынышбаев Санкт-Петербург Императорлық жол қатынасы институтында, С. Аспандияров пен Х.Досмұхамедов Санкт-Петербург Императорлық әскери медициналақ институтында білім алды. Қазақтың алғашқы баспасөздерінің бірі саналатын “Серке” газеті Санкт-Петербургда жарық көрді. Бүкілресейлік мұсылмандардың екінші съезі Санкт-Петербургда өтті. Бірінші орыс революциясы, Ақпан революциясы және Қазан төңкерісі Санкт-Петербургда басталды. 1918 ж. астана Санкт-Петербургдан Мәскеу қаласына көшірілді. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде қала 29 ай бойы неміс фашистері әскерлерінің қоршауында болды. Сол тұста Санкт-Петербург тұрғындарына Қазақстан халқы көп көмек көрсетті. Қаланы жаудан қорғауда көптеген қазақстандықтар ерлікпен шайқасты (Ленинград шайқасы). Ж. Жабаевтың “Ленинградтық өренім!” атты жалынды жыры жауынгерлерді жаумен күреске жігерлендірді. Қазіргі кезде Санкт-Петербургда Ж. Жабаев пен Ә. Молдағұлова есімімен аталатын көшелер бар. Петропавл қамалы, Қысқы сарай, Биржа ғимараты, Исаакий соборы, т.б. сәулет өнері ескерткіштері ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра тізіміне енгізілген. 2003 ж. Санкт-Петербургдың 300 жылдық мерейтойы аталып өтілді. Санкт-Петербургдағы қазақ диаспорасы 2 мыңға жуық адамды құрайды. Қалада қазақтардың ұлттық орталығы жұмыс істейді[4].

Экономикасы

Санкт-Петербург — Ресей Федерациясының маңызды экономика орталықтарының бірі. Санкт-Перербургтың экономикалық дамуы, өндіріс және сауда комитетінің мәліметі бойынша, 2012 жылы аймақтық жалпы өнімі 2,138 трлн рубль болған ( 2011 жылы — 2,072 трлн руб.)[5]. Экономикасының негізгі көзі (жақшаның ішінде 2010 жылғы аймақтық жалпы өнімінің бөлігі):

  • өндеу өнеркәсібі (24,1 %),
  • сауда (18,7 %),
  • жылжымайтын мүлікпен операциялар (18,2 %),
  • көлік және байланыс (9,9 %),
  • құрылыс (7,8 %),
  • басқа (21,3 %)[6].

Қаржы нарығы айналымынан Ресейде екінші орын алады. Қалада бірнеше биржа, 42 коммерциялық банк, Санкт-Петербург халықаралық банкі, басқа аймақтардың банктерінің 100 шақты филиалы, 400-ден астам брокер компаниясы жұмыс істейді[7].

Remove ads

Галерея

Thumb
Петр-Павел бекетіне Нева өзені жағынан көрініс
Thumb
Дворцовая алаңы

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads