Сан-Франциско
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сан-Франциско (ағылш. San Francisco, қысқаша: Frisco) — АҚШ-тың Калифорния штатындағы қала. Қала өз атауын әйгілі католик Ассизи Францискінен алған.
2010 жылы қала тұрғындар саны 815 358 болған. Бұл қала АҚШ-тағы тұрғындар саны бойынша 12-ші орын алып тұр. Жер аумағы — 600,6 шыршы шақырым, ал құрғақ жер аумағы 121,4 шаршы шақырым құрайды.
Қала Сан-Франциско түбегінде орналасқан.
1776 жылы испандар сол түбекте форт құрып, қаланың тарихын бастаған.
Сан-Франциско танымал туризм орталығы болып табылады. Ондағы ең әйгілі назар аударарлық орындар — Алтын қақпа көпірі, Алькатрас аралы және басқалары.
Remove ads
Отарлық кезге дейін
10 000-20 000 жыл бұрын Сан-Франциско түбегін үндістер мекендеген. Еуропалықтар келгенде, сол аймақта Олони (үндістер тілінде — "батыстағы халық") атты тайпаларын кездестірген. Олар сол түбекке біздің ғасырға дейін 8 000 жылы келген.
Отарлық кезі
Гаспар Де Портула бастаған Испан зерттеу тобы 1769 жылы 2 қараша күні Сан-Франциско шығанағына келіп, сол жерді Жаңа Испания аймағы деп жариялаған.
7 жыл өткесін сол жерге жаңа форт құрып, оны Әулие Франциск атауымен атаған.
1821 жылы жаңа тәуелсіз Мексика құрамына кірген.
1846 жылы қаланы келісім бойынша АҚШ-қа қайтарып, американ-мексикан соғысы аяқталды.
Алтын шығару
1848 жылы Калифорнияда алтын шығару басталып, соның нәтижесінде қала тұрғындар саны күрт өсті.

1906 жылғы жер сілкінісі
1906 жылы 18 сәуір күні қалада жер сілкінісі болып, ол қаланың 80 пайызын жайғарған. Ресми ақпарат бойынша қаза тапқандар саны 3000 адам болған.
Сан-Францисконың 300 000 тұрғыны үйсіз қалған.

Хиппи
1960 жылдарының соңында Сан Франсиско хиппи қозғалысының орталығы болды.
90 жылдар
Интернеттің дамуына байланысты көптеген кәсіпкерлер Сан-Франциско келіп, қаланың дамуына өз үлесін қосты.
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads