Сапотектер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сапотектер — Мексикада тұратын үндіс халқы. Негізінен оңтүстік Оаксака штатында шоғырланған, бірақ сапотек қауымдастығы көрші штаттарда да бар. Сонымен қатар АҚШ-та (Лос-Анджелес, Калифорния) тұрады. Халқы: 425 мың адам (2010 жылғы халық санағы)[1]
Remove ads
Тілі
Тілі — сапотек тілі.[2]
Діні
Дінге сенушілердің діни байланысы: католиктер.[3]
Тарихы
Америкаға еуропалықтар келгенге дейін сапотектерде ерте таптық қоғам болды, олар жоғары және ерекше мәдениетті құрды, оның ең көне ескерткіштері (мысалы, Монте-Албан) біздің дәуірімізге дейінгі 10-1 ғасырларға жатады. 16 ғасырдың басындағы ацтектер мен сапотектердің арасындағы күрес испандықтардың Мексиканың оңтүстігін жаулап алуын жеңілдетті.
Сапотек мәдениетінің өркендеуі біздің заманымызға дейінгі V—X ғасырларына түседі, содан кейін оның жойылуы басталады. XIII ғасырда, басқа тайпалардың (миштектердің) шапқыншылығы нәтижесінде, сапотек мәдениетінің дәстүрлері толығымен бұзылады.[4]
Кәсібі
Кәсіптері: суармалы егіншілік (жүгері, бұршақ, дәнді дақылдар, бақша дақылдары, асқабақ, қант қамысы), мал шаруашылығы (ірі қара және ұсақ мал, жылқы, шошқа, құс шаруашылығы), балық аулау, қолөнер (тері өңдеу, тоқымашылық).[5]
Тұрмыс салты

Сапотек қауымдастықтары эндогамдық болып табылады. Әлеуметтік ұйымның негізі — шағын отбасы, бірақ туыстары көбінесе жақын жерде орналасады. Неке моногамды, патри -, содан кейін неолокалды.
Олар ықшам, тығыз қоныстанған пуэблоларда, орталығы тығыз қоныстанған және оған іргелес жатқан шаруашылықтары бар елді мекендерде және шашыраңқы орналасуы бар елді мекендерде тұрады. Дәстүрлі тұрғын үй бір бөлмелі, төртбұрышты, балшықтан немесе ағаштан жасалған. Ас үй кейде үйдің сыртында орналасады.
Киімдері жалпы мексикалық үлгіде, әйелдер сәлдеге ұқсас орамалмен немесе иығына дейін жететін кең орамалмен бастарын байлау дәстүрін сақтайды.[6]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads