Сарыбасқурай

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сарыбасқурай
Remove ads

Сарыбасқурай (лат. Sisymbrium) — орамжапырақ тұқымдасына жататын бір немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.

Quick facts Сарыбасқурай, Ғылыми топтастыруы ...
Remove ads

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 20 — 100 см.
  • Сабағы тік.
  • Жапырақтары қауырсын салалы, шеті иректелген, сырты түкті.
  • Гүлдері сары түсті, ұсақ шашақ гүлшоғырына топталған.
  • Маусымшілде айларында гүлдеп, жеміс салады.
  • Жемісі — бұршаққын.

Өсетін жері

Қазақстанда шалғынды жерлер мен таудың тастақты беткейлерінде, өзен бойларында, жол жиектерінде, тұрғын үйлердің маңында, егістіктерде өседі.

Түрлері

Сарыбасқурайдың бірнеше түрі бар:

  • Дәрілік сарыбасқурай (Sіsymbrіum offіcіnale) - Алтайда, Іле Алатауында жиі кездеседі.
  • Лезелиев сарыбасқурайы (Sisymbrium loeselii), өзгергіш Сарыбасқурай, биік Сарыбасқурай) — жақсы мал азықтық шөптер, олардан сүрлем дайындалады. Кейбір түрлері улы.
  • Шалатікенді сарыбасқурай (Sіsymbrіum subspіnescens) — эндемик түр деп саналады.

Сарыбасқурайдың арамшөптік түрлерінің өте көп ұсақ тұқымының құрамында 30%-ға дейін май болады.[1]

Емдік қасиеті және қолданысы

Дәрі жасау үшін сарыбасқурайдың жер үстіндегі бөлігін гүлдеген кезінде пайдаланады. Негізінен оны жас күйінде пайдаланған дұрыс, кептірілген өсімдіктің дәрілік қасиеті кемиді. Құрамында эфир майлары, С дәрумені бар. Дәрілік сарыбасқурайды көбінесе құрқұлақ ауруына қарсы және несеп жүргізетін, қақырық түсіретін дәрі ретінде қоладанады. Дизентерияны емдеу үшін және іріңді жараларға да пайдаланылады.[2]

Remove ads

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads