Сарказм

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Сарказм (гр. sarkasmos — ащы мысқыл, жанға батыру) — күлкі етудің бір түрі, зілді кекесінмен әжуалау. Құрылымы жағынан иронияның ұлғайған түрі. Иронияда зілсіз, көбіне іштарта әжуалау басым болса, Сарказмда ол шарықтау шегіне жетіп, батыл, ашық әшкерелеуге көшеді. Сарказм көне грек әдебиетінен бүгінге дейінгі сатиралық шығармалардың көпшілігінде кездеседі, әсіресе ауыз әдебиетінде молынан ұшырасады. Қожанасыр туралы әңгімелер иронияға негізделсе, Алдар Көсе жайындағы әңгімелер ащы мысқылға, уытты кекесінге құрылған. Ақындар айтыста қарсыласын ащы мысқылмен кекетіп, келемеждеу, жігерін жасыту мақсатында Сарказмды қолданған. Махамбеттің, Шернияздың өлеңдеріндегі өткір де уытты кекесіннен, ашықтан-ашық шенеп-мінеуден Сарказм айқын көрінеді. Абай өлеңдерінде ирониядан гөрі Сарказм басым көрінеді. [1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads