Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев (10 маусым 1949, Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақ КСР — 27 шілде 2012, Астана) — Қазақстанның белгілі мемлекет қайраткері. Мәскеу экономикалық статистика институтын (1971), КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы халық шарруышылығы Академиясын (1987) бітірген.
Remove ads
Еңбек жылдары
1971-1985 ж. Қазақ КСР Орталық статистика басқармасында экономист, бөлім бастығының директоры, ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бастығы,
1985-87 ж. Академия тыңдаушысы,
1987-91 ж. Қазақ КСР Орталық статистика басқармасы бастығының орынбасары,
1991-94 ж. Қазақстан Республиксы мемлекеттік комитет төрағасының орынбасары,
1994-97 ж. комитет төрағасы, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлікті басқару департаментінің директоры.
1997-98 ж. ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі қызметтерін атқарады.
1998-99 ж. Жамбыл облысының әкімі.
1999 ж. ақпаннан ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі.
2003-04 ж. ҚР Президентінің іс басқарушысы.
2004-08 ж. ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы.
2008-11 ж. ҚР Президентінің іс басқарушысы.
2011-12 ж. ҚР Президенті іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директоры.
Remove ads
1981 жылы Құрмет белгісі мен медальдармен марапатталған.
Шілденің 27-сінде Қазақстандағы ақпарат агенттіктері «ұзаққа созылған сырқаттан кейін, 64 жасында Сарыбай Қалмырзаев дүниеден өтті» деген хабар таратты. Әзірге қайда, қашан қайтыс болғаны айтылмады.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads