Сарышаяндар патшасы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сарышаяндар патшасы
Remove ads

«Сарышаяндар патшасы» (ағылш. The Scorpion King) — 2002 жылғы америкалық шытырман оқиғалы фильм. «Мумия қайта оралады» фильмінің спин-оффы. Басты рөлді рестлер Дуэйн Джонсон сомдады. Фильмнің слоганы: «Жауынгер, аңыз, патша».

Quick facts Жанры, Режиссёрі ...
Remove ads

Сюжет

Аккадтық жалдамалы кісі өлтіруші Метаес Мемнон патшаның көріпкелі Касандраны өлтіру туралы бұйрық алады. Шабуыл барысында Метаестің өзі және серіктері тұтқынға түседі. Мемнон Метаестің тұтқынға түскен ағасын өлтіреді. Метаес қашып шығып, Мемноннан кек алуға шешім қабылдайды. Оған кек жолында патшаның көріпкелі көмектеседі. Касандраның болашақты болжайтын қасиеті бар болатын. Метаес пен Касандра нубиялық қолбасы Балтазардың қолына түсіп қалады. Балтазар мен Метаес жекпе-жекке шығып, Метаес жеңіске жетеді. Балтазар Метаеспен бірге Мемнон патшаға қарсы соғысуға келісім береді. Метаес патша сарайында жүріп, өнертапқышпен танысады. Өнертапқыш жарылғыш зат ойлап тапқан болатын. Метаес патшаны жекпе-жекте жеңеді. Мемнон мұнара басынан құлап, сол сәтте өнертапқыш жарылғышты жарып, Мемнонның күлі көкке ұшады. Метаес ағасының кегін алады. Сөйтіп Метаес патша әскерлеріне ие болып, Сарышаяндар патшасы атанады. Касандра Метаестің жары атанады.[1][2]

Remove ads

Рөлдерде

More information Актёр, Рөл ...

Саундтрек

  1. «I Stand Alone» — Godsmack
  2. «Set It Off (Tweaker Remix)» — P.O.D.
  3. «Break You» — Drowning Pool
  4. «Streamline» — System of a Down
  5. «To Whom It May Concern» — Creed
  6. «Yanking Out My Heart» — Nickelback
  7. «Losing My Grip» — Hoobastank
  8. «Only the Strong» — Flaw
  9. «Iron Head» — Rob Zombie feat. Ozzy Osbourne
  10. «My Life» — 12 Stones
  11. «Along the Way» — Mushroomhead
  12. «Breathless» — Lifer
  13. «Corrected» — Sevendust
  14. «Burn It Black» — Injected
  15. «27» — Breaking Point
  16. «Glow» — Coal Chamber

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads