Сарқан өзені

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Сарқан Балқаш көлі алабындағы өзен.

Quick facts Сарқан өзені, Сипаттамасы ...
Remove ads

Географиялық орны

Жетісу облысының Сарқан ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 90 км. Су жиналатын алабы 704 км2.

Бастауы

Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі биіктігі 3400 м мұздықтан басталып, Көкжайдақ ауылы тұсында Ақсу өзеніне кұяды.

Гидрологиясы

Аңғарының ені 300 - 500, кейде 1500 м-ге дейін жетеді. Арнасы қиыршықтасты, жиегі түйетайлы, биіктігі 3,5 - 4 м. Мұздық (35 - 40%), жауын-шашын (10 - 45%), жер асты (45 - 50%) суларымен толысады. Мамыр айында тасып, су деңгейі 2 м-ге дейін көтеріледі. Өзен бойында Сарқан қаласынан төмен 10 канал салынған. Өзен суы егін суғаруға, шаруашылық мұктаждықтарына пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads