Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сатыбалды Жәлелұлы Нарымбетов (1946 жылы 7 наурызда Түркістан облысы, Түркістан ауданы, Ащысай ауылы - 08.07.2021, Алматы) — қазақстандық кинорежиссер, жазушы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2005). Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері (1996).
Remove ads
Өмірбаяны
Жетіру тайпасының Тама руынан шыққан.
- Мәскеу қаласындағы мемлекеттік кинематография институтын (1969 жылы) бітірген.
- 1984 жылы жоғары режиссерлік курсты (Г.Н. Данелияның шеберханасы бойынша) бітірген.
- 1969 жылдан “Қазақфильм” студиясында сценарийші әрі кинорежиссер ретінде қызмет етті.
- 1970 жылдан - «Қазақфильм» киностудиясының кинорежиссері.
- 2005 жылдан бері - Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Дебют» бірлестігінің жетекшісі.
Remove ads
Қоғамдық қызметі
- Жан Виго атындағы Халықаралық кпубтың мүшесі (Париж қаласы).
- КСРО Жазушылар одағының мүшесі.
- ҚР Жазушылар одағының мүшесі.
Сценарийлері
- балаларға арналған “Шоқ пен Шер” фильмінің сценарийін (1971 жылы) жазды.
Режисерлігі
- “Құрманғазы” атты деректі фильмін (1972 жылы)
- “Зауал” (1981 жылы)
- “Күзгі бұралаң жол” (1984 жылы) қысқа метражды фильмі
- “Ұрын келген күйеу” (1987 жылы)
- “Созақтан шыққан Гамлет” (1990 жылы)
- “Көзімнің қарасы”
- “Жас аккордеоншының өмірбаяны” (1994 жылы, Анапа қаласында өткен 3-Бүкілресейлік “Кино-Шок” кинофестивалінің жүлдесі, Халықаралық кинофестивалі жюриінің дипломы, Франция, Анже (1995 жылы); Француз кино өнері академиясының сыйлығын (1996 жылы), тағы басқа)
- “Омпа” (1998 жылы)
- тағы басқа көркем фильмдерді қойды.
Remove ads
Кітаптары
- “Тентек” (1968 жылы)
- “Ассалаумағалейкум, Атлантида!” (1981 жылы) атты повесть, әңгімелер жинақтары жарық көрген.
Марапаттары
- Анапа қаласында өткен 3ші Бүкілресейлік «Кино-Шок» кинофистивальінің жүлдегері;
- 1995 жылы Францияның Анже қаласында өткен Халықаралық кинофистивальінің қазылар алақасының құрметті грамотасының иегері;
- Фрацуз кино өнері академиясының «Жорж Сэдуль» атындағы құрметті сыйлығының иегері;
- 1996 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
- 1996 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Құрмет ордені» берілді.
- 2000 жылы Тәуелсіз «Платинды Тарлан» сыйлығының иегері.
- 2005 жылы президент жарлығымен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағымен марапатталды.
- 2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;
- 2016 жылы «Қазақстан тәуелсіздігініе 25 жыл» медалі.
Remove ads
Отбасы
- Жұбайы - Ізмағанбетова Ізтөле, марқұм, драматург, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы анимациялық фильмдер бірлестігінің жетекшісі болған.
- Ұлдары - Нарымбетов Асқар-Мұхит (1968 жылы туған), кинорежиссер; Нарымбетов Ескендір (1977 жылы туған), кинооператор.[1]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads