Сафи Өтебайұлы Өтебаев
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сафи Өтебайұлы Өтебаев (25 мамыр 1909 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау - 12 сәуір 2007 жылы Алматы) – даңқты мұнайшы, КСРО Құрметті мұнайшысы, Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері. Атырау облысының және Ақтау қаласының, Жаңаөзеннің Құрметті азаматы. ҚР жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталған (1999 жылы).
Remove ads
Биография
- 1909 жылдың 25 мамырда Атырау облысы (бұрынғы Гурев облысы) Қарабау ауылында дүниеге келген. Руы Есентемір Әжімбет.[1]
- 1928 – 1930 жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде оқыған.
- 1931 – 1935 жылдары Баку қаласында мұнай институтында оқыған.
- 2007 жылдың 12 сәуірнде Алматыда өмірден өтті.
Еңбек жолы
- 1936 – 1945 жылдары «Ембі мұнай» өндірісінде және оған қарасыты мекемелерде жауапты қызметтер атқарды;
- 1938 – 1959 жылдары Қазақ КСР және КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған;
- 1945 - 1951 жылдары Жылыой ауданының партия комитетінің 1-хатшысы;
- 1951 – 1957 жылдары «Қазақстанмұнай» бірлестігінің басшысы;
- 1957 - 1965 жылдары әуелі Гурьев, кейін Батыс Қазақстан облыстық халық шаруашылық кеңесінің төрағасы;
- 1965 – 1971 жылдары «Қазақстанмұнай», кейін «Маңғыстаумұнай» бірлестігінің басшысы;
- 1971 – 1980 жылдары Қазақ КСР-і Жоспарлау комитетінің ғылыми-техникалық информация институты бастығының орынбасары болды;
- 1980 жылы Құрметті демалысқа шықты.
Remove ads
Ғылыми еңбектері
Маңғыстау байлығын игеру мәселелеріне арналған 30-дан астам ғылым мақалалары салалық-техникалық журналдарда, брошюраларда және және басқа да басылымдарда жарияланған. Өмір жолын Қазақстан мұнай өнеркәсібінің қаз тұру, даму кезеңдерін суреттейтін «Өмір мұраты» (1988) атты кітабы жарық көрді.
Марапаттары
- 1942 жылы «Құрмет белгісі» Ордені;
- 1946 жылы «Отан соғысы» ІІ дәрежелі Ордені;
- 1966 жылы «Еңбек Қызыл Ту» Ордені;
- 1971 жылы «Октябр революциясы» Ордені;
- КСРОның Ең жоғарғы «Ленин» Ордені;
- КСРОның бірнеше мерекелік медалдар мен құрметті төсбелгілерімен марапатталған;
- «КСРОның Құрметті мұнайшысы» құрметті атағы;
- «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері» құрметті атағы;
- «Қазақстан мұнайына сіңірген еңбегі үшін» медалі;
- 1999 жылы ҚР Ең жоғарғы мемлекеттік марапаты «Отан ордені» мен марапатталды.
- 2004 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат І дәрежедегі «Барыс ордені» мен марапаттады.
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірнеше мәрте құрмет грамотасының иегері.
- «Қазақ мұнайына – 110 жыл» толуына орай «Қазақ Мұнай Газ» компаниясының басшылығы Сафи Өтебайұлының атындағы степендия жариялады.
- Атырау, Ақтау, Жаңаөзен және т.б көптеген аудандардың Құрметті азаматы атағы берілді.[2]
Remove ads
Өтебаев Сафи туралы Фильм
2009 — «Қазақ мұнайының атасы — Сафи Өтебаев» режиссері: Қ.Умаров.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads