Сахалин

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сахалин
Remove ads

Сахалин — Азияның шығыс жағалауында орналасқан арал. Ресейдің Сахалин облысы құрамына кіреді. Осы елдегі ең үлкен арал. Охота және Жапон теңіздерімен шектеседі. Құрлықтық Азиядан Татар бұғазы арқылы бөлінген (ең қуыс жері — Невельский бұғазында — ені 7,3 км-ге тең және қыста қатады); жапониялық Хоккайдо аралынан — Лаперуз бұғазы арқылы бөлінген.

Quick facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Thumb
Сахалин аралы
Remove ads

Географиясы

Климаты

Сахалиннің климаты — қоңыржай-муссонды (қаңтардағы орташа температура оңтүстігінде −6ºС-дан солтүстігінде −24ºС-ке дейін, тамызда — сәйкесінше +19ºС-дан +10ºС-ға дейін), ұзақ салқын қарлы қысы және орташа жылы жазы бар теңіз климаты. Аралдағы орташа жылдық температура (көп жылғы мәліметтер бойынша) солтүстігінде шамамен −1,5ºС, ал оңтүстігінде — +2,2ºС.

Халқы

Сахалин — Ресей Федерациясы құрамындағы халқы жөнінен ең ірі арал. 2010 жылдың 1 қаңтарына сәйкес Сахалин мен Курил аралдарындағы халық саны 510,9 мың адамды құрады[1], Сахалин аралының өз халқы 493 мың адам болды.

Thumb
Южно-Сахалинск қаласы

2002 жылғы жалпыресейлік санақтың нәтижесі бойынша аралды 527 268 адам мекендейді, оның ішінде 253 304 ер және 273 964 әйел адам. Халықтың 84 %-і — этникалық орыстар, қалғандары — корейлер (5,6 %), украиндар (4,0 %), татарлар (1,2 %), белорустар (1,0 %), мордвалар (0,5 %), 1 %-тен аз бөлігін Солтүстіктің байырғы тұрғындары — нивхтар (0,5 %) мен ороктар (0,06 %) құрайды.

Сахалиннің ең ірі қаласы — облыс орталығы Южно-Сахалинск (190 227 адам), қалған салыстырмалы түрде үлкен қалалары — Корсаков (33 148 адам), Холмск (29 563 адам), Оха (21 830 адам), Поронайск (15 476 адам), Долинск (11 885 адам), Невельск (10 965 адам)[2].

Сахалин көркем әдебиетте

Дереккөздер

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads