Сейсмология
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сейсмология — жер сілкінуді зерттейтін геофизикалық ғылымның бір саласы.

Жалпы мәліметтер
Бұл жер сілкінудің пайда болуының себептері мен жағдайларын, олардың географиялық таралуын, жер сілкіну әсерінен пайда болған сейсмикалық (серпімділік) толқындарды және сол толқындардың жердің ішкі қабаттарында таралуын зерттейді. Жасанды жер сілкінуге негізделген экепериментті сейсмологияның әдістері пайдалы қазындыларды іздеу мен инженерлік-геологиялық зерттеуяерде қолданылады.[1]
Сейсмология
Жерсілкінулер жайлы ілім, геофизиканың бір саласы.
Сейсмограмма
Бірнеше сейсмоқабылдағыштар тіркеген сейсмикалық толқындарды автоматы түрде жарық сезгіш қағазға жазып алу нәтижесінде алатын сызбалы кескін.
Сейсмограф
"Сейсмоқабылдағыш" терминінің синонимі.
Сейсмокаротаж
Бұрғылау ұңғымасы тесіп өткен қима арқылы сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдықтарын анықтау, сейсмикалық шекараларды стратиграфиялық тұрғыдан нақтылау, сейсмикалық толқын түрлерін танып-білу және зерттеу шараларын жүзеге асыру мақсатында сол ұңғыма қойнауларында арнаулы аспаптар көмегімен әдейі жүргізілетін сейсмикалық барлау тәсілі.
Сейсмоқабылдағыш
Жердің механикалық дірілін электрлік тербелістерге айналдыру мақсатында қолданылатын электрлік-механикалық аспап. Синонимі — сейсмограф.
Сейсмикалық барлау
Жер қыртысының құрылысын зерттеуге, мұнайлы-газды құрылымдарды іздестіруге және бұрғылауға дайындауға арналған геофизикалық барлау әдісі.
Сейсмикалық бекет
Далалық сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу барысында жасанды жарылыстар әсерінен туындаған серпінді толқындар легін қабылдау, күшейту және жазып алу мақсатында қолданылатын арнаулы жабдықтар жиынтығы.[2]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads