Сейтек Оразалыұлы
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сейтек Оразалыұлы (1861 —1939 жж.) – күйші - композитор.[1]
Өмірбаяны
- 1861 жылы қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Орда ауданы Саралжын ауылында дүниеге келген. Көрнекті күйші-композитор, өзіндік домбыра мектебінің негізін қалаушы.
- Бала кезінен-ақ музыкаға өте бейім, қабілетті болады. Алғаш домбыра тартуды ағасы Сұлтанғалидан үйренген. Мұнан соң Дәулеткерейдің күйлерін тыңдап, өнерпаздық қазынасын молайтып отырды.
- Сейтек Оразалыүлы жас кезінде шығармаларындағы бостандық сүйгіш идеялары үшін патша өкіметі тарапынан талай қуғын-сүргінге ұшырады. Өмірінің біраз жылын Орда, Үркіт, Астрахань, Мәскеу түрмелерінде өткізеді.
- 1897 жылы Сахалинге саяси түтқын ретінде жер аударылады. Оған орыстың революцияшыл жүмысшыларымен байланысты болды деген айып тағылады. Осы кезеңдегі күйлері: "Түңілдім", "Арман", "Айдау".
- 1905 жылы айдаудан оралғаннан кейін, Сейтек абзал анасы, туған баласы, жан жолдасының қазасын естіп, "Ғазиз", "Жоқтау", "Сардала" күйлерін шығарады.
- 1916 жылы патшалық Ресейдің езушілік саясатына қарсы қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісін бейнелейтін "16-жыл" күйінде Сейтектің әлеуметтік көзқарасы танылады.
- 1917 жылғы Қазан төңкерісін "Партсъезд", "17-жыл", "Бостандық" күйлерінде жырлады. Сейтек Кеңес әкелген жаңалықтарға белсене араласты. Орда ауданының Шонай ауылы кедейлерінің комитетінде мүше болып, алдыңғы қатарда жүрді.
Сейтектің "Арпалыс", "Айман", "Шәрипа", "Қарашаш", "Бес қыз", "Көк ала ат" және басқа туындылары Қазақтың мемлекеттік ұлт аспаптары оркестрі репертуарынан орын алды.
Remove ads
Шығармалары
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads