Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сейілбек Мейрамұлы Жанайдаров (1884, бұрынғы Атбасар уезі, Терісаққан болысы – 1929, Алматы) - Алаш қозғалысының көрнекті басшыларының бірі, Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері.

Өмірбаяны
- 1913 жылы Санкт-Петербург университетінің заң факультетін бітірген. Әйелі Мәриям – белгілі қазақ заңгері Жансұлтан Сейдалиннің қызы.
- Жанайдаров университетті бітіргеннен кейін Ресейдің Витебск губерниясында қаржы саласының тексерушісі болып қызмет атқарған.[1]
- М.Дулатов, Мұстафа Шоқай, А.Бірімжановтармен бірге Ресейдегі Ақпан, Қазан төңкерістері қарсаңында қазақ даласында етек алған ұлттық-демокр. қозғалысқа белсене араласқан.
- 1916 жылы Витебскіден елге оралып, Атбасар қаласында салық инспекторы болып қызмет істейді.
- 1916 жылы майдан жұмысына алынған қазақ жастарына көмек көрсету ісіне ат салысқан.
- 1917 жылы шілдеде Орынборда өткен 1-жалпықазақ съезіне Ақмола облысынан делегат болып қатысты.
- 1917 жылы 5–13 желтоқсанда Орынбордағы 2-жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда үкіметі мүшелігіне сайланды.
- 1918 жылы Ә.Бөкейхановтың жарлығымен Ақмола облысының соты болып тағайындалды.
- Қазақ автон. республикасы құрылғаннан кейін Орынбордағы респ. қаржы халық комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссарының орынбасары, халық комиссары болып қызмет істеген.
- Астана Қызылордаға көшірілгенде Қазақстанның ауыл шаруашылығы банкін басқарды.[2]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads