Сейілбек Шаухаманұлы Шаухаманов

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads


Шаухаманов Сейілбек Шаухаманұлы (Мамыр 15 , 1939 ж. - 2018) - қазақ қоғам қайраткері , инженер-механик , экономика ғылымдарының кандидаты, саясаттанушы.

Remove ads

Өмірбаяны

1939 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Өзгент ауылында дүниеге келген. Қожа руынан шыққан.[1] Қазақ Мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын(1962ж.) және Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген(1982ж.).1962-1965 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Қазауылшаруатехникасы» бірлестігінде механик, инженер жетекшісі болып қызмет еткен. Қатардағы инженерден облыстың бірінші басшысына дейін өскен. 1965-1991 жылдары Совет Одағының коммунистік партиясының бір мүшесі болған. Қазақстандық Лениндік коммунистік жастар одағында Қызылорда облысының Сырдария, Тереңөзек аудандарының алғаш секретарі ретінде қызмет еткен. 1975-1980 жылдар Жалағаш ауданының екінші секретарі болып жұмыс істеген. Сейілбек Шаухаманов тәуелсіз Қазақстан Республикасы көк байрақ көтерген тарихи кезенде Қызылорда облыс әкімшілігіннің бірінші басшысы, бірінші облыс әкімі(1992-1995ж.ж), бірінші сенатор болды(1998-1999ж.ж). Егемендігіміз бен елдігіміздің алғаш қалыптасу барысындағы тар жол – тайғақ кешуде саяси – экономикалық реформаларды тұңғыш ұйымдастырушылардың, мемлекеттігімізді нығайтуға белсенді ұйытқы болған тұлғалардың бірі.


Remove ads

Мадақтамалар

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads