Секвойя
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Секвойя — мәңгі жасыл қылқан-жапырақты ағаштар туысы. Жалғыз түрі — мәңгі жасыл секвойя (биіктігі 100 м-ден артық, диаметрі 6-10 м), жер шарының ең биік ағаштарына жатады. 3000 жылға дейін жасайды. Калифорния тауларында өседі. Бұл тұқымдаска мәңгі жасыл ағаштардың тағы бір түрі — секвойядендрон (мамонт ағашы) жатады. Діңі тік, түзу, биіктігі 100 м-ге дейін болатын, 2500 жылдай (кейде 3000-4000 жыл) жасайтын ағаш. Олардың ішіндегі "Генерал Шерман" деп аталатын ең үлкенінің биіктігі 83 м, жер бетінен 1,5 м биіктікте құлаштағанда 24,1 м. Секвойялар сәндік үшін Еуропаның саябақтары мен бақтарында, Қырымның оңтүстік жағалауында өсіріледі.[1]


Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
