Сенека

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сенека
Remove ads


Сенека Луций Анней (біздің заманымыздан бұрын 5 жылы Кордуба, – біздің заманымыздың 65, Рим) – римдік философ, мемлекет қайраткері. Император Неронның тәрбиешісі және ел басшылығына ықпалын жүргізген кеңесшісі болған. Кейіннен императордың қаїарына ұшырап, өзін-өзі өлтіруге мәжбүр болды. Сенеканың көптеген еңбектері (“Луциге хаттар”, т.б.) бізге түпнұсқа түрінде жеткен. Өз дәуірінің шиеленісті мәселелерін бейнелеген Сенека ілімі өте қайшылықты болды. Грек философтарының ізімен, яғни дүниені материалдық бірлікте және зерделі тұтастықта қарастыра отырып, Сенека негізінен этикетика-ғибраттық мәселелермен шұғылданды. Егер олардың шешімдері дұрыс табылса, оның сөзімен айтқанда, рухтың тыныштығы мен тұнықтығына қол жетеді. Ол өзінің негізінен индивидуалистік этикасын қоғам және мемлекет міндеттерімен байланыстыруға тырысты. Сенека этикасы кейінен христиандық идеологияның дүниеге келуіне үлкен ықпалын тигізді.[1][2][3]

Quick facts Туған күні, Туған жері ...
Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads