Сеноилар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сеноилар
Remove ads

СеноиларМалайзия мен Таиландта тұратын халықтар тобы (семай, тимиар, бесиси, т.б.).[1] Саны 40 мыңдай адам (1992).[2] Олар Малакка аралының Орталық үстіртінің орманды алқаптарын мекендейді. Антропология типтері, тілі мен мәдениетіндегі ерекшеліктер олардың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы монғол нәсіліне дейінгі байырғы тұрғындар тобына жататын аңғартады. Қазіргі сеноилар малайлықтармен араласып кеткен.[3][4]

Quick facts Бүкіл халықтың саны, Ең көп таралған аймақтар ...
Remove ads

Тілі

Сеной тілдері аустроазиатикалық отбасының мон-кхмер тілдерінің асли (семанг-малакка) тобына жатады.[5]

Діні

Дінге сенушілер: дәстүрлі сенімдер, кейбірі сүнниттік мұсылмандар.[6]

Кәсібі

Негізгі кәсібі – қолмен атқарылатын егіншілік (ең көне дақыл – тары, 18 ғ-дан бастап күріш, маниок, жүгері егісімен ауыстырыла бастады), аңшылық (мылтықпен) және терушілік. Кейбірі туристер үшін тауарлар шығарады.[7]

Өмір салты

Сеноиларда аналық-рулық қатынастар ерекше дамыған.[8]

Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары

Тұрғын үйлері - ұзын, қадаларда орналасқан.[9]

Дәстүрлі киімдері

Киімдері ағаш қабығынан дайындалады. Татуировка жасау, денеге сурет салумен сипатталады.

Сілтеме

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads