Сергей Витальевич Кулагин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сергей Витальевич Кулагин (8 қыркүйек 1952 жыл, Атбасар, Ақмола облысы) — қазақстандық белгілі саясаткер. Торғай облысының әкімі (1992—1993), Ауыл шаруашылығы министрі (1993—1994, 1998), Қостанай облысының әкімі (2004—2012), Ақмола облысының әкімі (1998—2004, 2014—2017) қызметтерін атқарған.
Remove ads
Ерте жылдары мен білімі
1952 жылы 8 қыркүйекте Ақмола облысы Атбасар қаласында туған. Ұлты — орыс.
Целиноград ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетін (1975) ауыл шаруашылығы инженер-механигі мамандығы бойынша; Алматы жоғары партия мектебінің (1988) партия және кеңес құрылысы факультетін, орта және жоғары оқу орындарында ғылыми коммунизмнен оқытушы мамандығы бойынша бітірген.
Саяси ғылымдардың кандидаты (2000). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Еуразияшылдық: идеясы және даму болашағы. Еуразиялықтардың мәдени-тарихи концепциясы (Ресей Батыс пен Шығыстың ортасында: өркениеттің рухани аспектілері. Кеңестіктен кейінгі кеңістіктегі еуразиялық көрініс)».
«Көксеген жер» кітабінің (2001) авторы.
Remove ads
Еңбек жолы
1966 жылдан - Целиноград облысы Астрахан ауданы Николаев атындағы №1 кеңшар бөлімінде жұмысшы.
1969 жылдан - Целиноград ауылшаруашылық институтының студенті.
1975 жылдан - МТП пайдалану инженері, Целиноград облысы Астрахан ауданы Николаев кеңшарының бас инженері.
1980 жылдан - Целиноград облысы Астрахан ауданы «Райсельхозтехника» ӨБ меңгерушісі.
1981 жылдан - Целиноград облысы Астрахан ауданы «Қызылжар» кеңшарының директоры.
1984 жылдан - Целиноград облысы Алексеев аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
1985 жылдан - Целиноград облысы Қазақстан Компартиясы Алексеев аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
1986 жылдан - Целиноград облатқарукомитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстық агроөнеркәсіптік комитетінің төрағасы.
1990 жылдан - Торғай облыстық Халық депутаттары кеңесінің бірінші орынбасары, облатқарукомитетінің төрағасы. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 12-ші шақырылым депутаты (1990-1993).
1992 жылдан - Торғай облыстық әкімшілігінің басшысы.
1993 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылық министрі.
1994 жылғы маусым мен қазан аралығы - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
1994-1998 жылдары «Интеграция-Целина» халықаралық қорының президенті (Ақмола қ.).
1998 жылдың қаңтар айынан - ҚР Ауыл шаруашылық министрі.
1998 жылдың қыркүйек айынан - Ақмола облысының әкімі.
2004 жылдан 2012 жылға дейін - Қостанай облысының әкімі.
2012-2014 жылдары Қазақстан Парламенті Сенатының V шақырылым депутаты.
2014 жылғы 27 мамырда Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды. 2017 жылғы 14 наурызда лауазымынан босатылды.
Кәсіпкерлікпен айналысады, «Интеграция Целина» ЖШС бас директоры.[1]
Remove ads
Марапаттары
III (1999), II (2004) дәрежелі «Барыс»; «Дружба» (РФ, 2004), I дәрежелі Даниил Московский (2006), «Отан» (2009) ордендерімен; «Ерен еңбегі үшін» (1978, 1980), «Тың жерлерді игергені үшін» (1984), «Тыңға 30 жыл» (1984), «Астана» (1998), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «С.П. Королев атындағы отандық космонавтиканы дамытуға қосқан үлесі үшін» (РФ, 2004), «Қазақстан темір жолына 100 жыл» (2004), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде үздік шыққаны үшін» (2005), «Байқоңырдың 50-жылдығына естелік» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» (2002), «Тыңға 50 жыл» (2004), Украина Үкіметінен (2004), «Денсаулық сақтау қосқанүлесі үшін» (2008), «Алтынсарин атындағы төс белгісі» (2008) белгілерімен марапатталған. Қазақстан Республикасы білім беру ісінің Құрметті қызметкері (2002). Мәдениет қайраткері (2003). ҚР Құрметті спорт қайраткері (2008).
Әскери атағы - запастағы полковник.
Хоббиі - спорт, балық аулау, аңға шығу.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, «ТАӨ» әдеби сериясы.
Отбасылық жағдайы
Анасы - Кулагина Анна Егоровна, зейнеткер.
Үйленген. Жұбайы - Кулагина Галина Дмитриевна. Қызы - Ольга (1976 ж.т.); ұлдары - Александр (1979 ж.т.), Павел (1986 ж.т.).[2]
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads






