Серхио Гойкочеа

From Wikipedia, the free encyclopedia

Серхио Гойкочеа
Remove ads

Серхио Хавьер Гойкочеа (ис. Sergio Javier Goycochea; 17 қазан, 1963 жыл, Лима, Буэнос-Айрес, Аргентина) — аргентиналық футболшы, қақпашы.

Quick facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Remove ads

Карьерасы

Аргентина, Колумбия, Франция, Бразилия, Парагвай клубтарында ойнаған.

1988-94 жылдары Аргентина құрамасының қапасын қорғады.

1990 жылғы әлем біріншілігінде Серхио болмағанда құраманың финалға шығуы екіталай еді. Чемпионатқа Нери Пумпидодан кейінгі екінші қақпашы боп барды, бірақ топтық кезеңнің екінші турындағы КСРО-мен ойында Пумпидо жарақат алды да, орнына Серхио шықты. Турнир барысындда Серхио екі бірдей пенальтлер сериясын бастан кешті: ширек финалда Югославиямен және жартылай финалда Италиямен ойында. Екеуінде де Серхионың шеберлігі командаға жеңіс әперді.

Финалда Аргентина 0:1 есебімен ГФР-ден ұтылды, матч тағдырын 85 минутта Бреме соққан пенальти шешті. Серхио соққының бағытын дәл тапты, қайтаруға сәл ғана миллиметр жетпей қалды. Есесіне турнрдің үздік қақпашысы атанды.

Серхио 1992 жылғы тұңғыш Конфедерациялар кубогына да қатысып, жеңімпаз атанды.

Remove ads

Жетістіктері

Командалық

Ривер Плейт

  • Аргентина чемпионы: 1986, Апертура 1993, Апертура 1994
  • Либертадорес кубогы: 1986
  • Құрлықаралық кубок: 1986
  • Америкааралық кубок: 1987

Мильонариос

  • Колумбия чемпионы: 1988

Серро Портеньо

  • Парагвай чемпионы: 1992

Олимпия (Асунсьон)

  • Парагвай чемпионы: 1993

Велес Сарсфилд

  • Либертадорес кубогы: 1996

Аргентина

  • Америка кубогы: 1991, 1993
  • Конфедерациялар кубогы: 1992

Жеке

  • Аргентинадағы жыл футболшысы: 1990
  • Америка кубогының үздік футболшысы: 1993

Сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads