Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Серікбай Өтелгенұлы Тұрымов (1964 жылдың 3 маусымда Форт-Шевченко қаласында туған) — мемлекет қайраткері, Маңғыстау облысының әкімі (2019-2021), Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (2021 жылғы 10 қыркүйектен бастап). Құрмет орденінің иегері (2016).
Remove ads
Білімі
- 1992 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тәмамдады.
Еңбек жолы
- 1981 - 1990 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде әр түрлі қызметтерде болған;
- 1990-1994 жж. – «Маңғышлақауылқұрылыс-12» тресінде ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; Қазақстан ЛКЖО Форт-Шевченко қалалық комитетінің бірінші және екінші хатшысы, оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы;
- 1994-1995 жж. – Түпқараған аудандық мәслихатының бас маманы;
- 1995-2004 жж. – «Түпқараған» ЖШС жетекші инженері, бөлім бастығы, директоры;
- 2004-2006 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;
- 2006-2008 жж. – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары;
- 2008-2012 жж. – Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының әкімі;
- 2012-2015 жж. – Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімі;
- 2015 жылдың 10 шілдесінен бастап – Ақтау қаласының әкімі.
- 22.11.2017 - 12.06.2019 ж.ж. Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы.
- 13.06.2019 - 07.09.2021 ж.ж. Маңғыстау облысының әкімі.
- 2021 жылы 10 құрқүйегінде ҚР Президентінің жарлығымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды[1]
Remove ads
Марапаттары
- Ерен еңбегі үшін медалі
- 2006 ҚР Парламентіне 10 жыл медалі
- 2011 ҚР Тәуелсіздігне 20 жыл медалі
- 2016 ҚР Президентінің жарлығымен Құрмет ордені.
Сілтемелер
- Тұрымовтың өмірбаяны Ақтау қаласының ресми сайтында(қолжетпейтін сілтеме)
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads





