Серік Дәулетәліұлы Абас-шах

From Wikipedia, the free encyclopedia

Серік Дәулетәліұлы Абас-шах
Remove ads


Серік Дәулетәліұлы Абас-шах (29 ақпан, 1964 жыл, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Тұрар ауылы) - қазақстандық тележурналист, продюсер.

Quick facts Туған кездегі есімі, Туған күні ...
Remove ads

Өмірбаяны

Серік Абас-шах бұрынғы Шымкент облысының Түлкібас ауданының Тұрар ауылында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген (1989).

Еңбек жолы

  • 1981-1982 жылдары - Шымкент облысының «Қызыл Жұлдыз» кеңшарының жұмысшысы.
  • 1984 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте (арнайы бөлімде).
  • 1989 жылдан - Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясының қызметкері.
  • 1997 жылдан - «Хабар агенттігі» бағдарламалық қызметінде жұмыс істейді.
  • 2001-2011 жылдары - «Хабар» агенттігі» АҚ бас продюсері.
  • 2011-2013 жылдары - "Қазақстан" Ұлттық арнасында бас продюсер;
  • 2013-2014 жылдары - "Ел арна" телеарнасының директоры;
  • 2014-2016 жылдары жеке шығармашылықпен айналысқан;
  • 2016 жылдың қараша айынан бастап "Қазақстан" телерадиокорпорациясы Басқарма төрағасының кеңесшісі
Remove ads

Шығармалары

«Бей хабар қалмаңыз...» кітабының авторы (Алматы қаласы, 2005).

Телебағдарламалары

  • "Жетпіс жеті күн"
  • "Абайдың қара сөздері"
  • "Ұят болмасын"
  • "Алтыбақан"
  • "Ауылдың алты ауызы"
  • "Өлең сөздің патшасы"
  • "Еркектің аты еркек"
  • "Әйелдер-ай, әйелдер"
  • "Сонымен, солай дейік...",
  • "Айтуға оңай"" т.б. телебағдарламалардың жетекшісі.

Жеке өмірі

  • Әкесі - Абасов Дәулетәлі (1912-1974), Ұлы Отан соғысына қатысқан, кеңшарда жұмыс істеген;
  • Анасы - Абасова Задан (1926-2016);
  • Жұбайы - Әбдірахманова Әлима Ерсайынқызы (1977 жылы туған), ТВ режиссерінің ассистенті;
  • Қыздары -Тоғжан (1992 жылы туған) және Ажар (2004 жылы туған);
  • Ұлдары - Санжар (2001 жылы туған) және Қайсар (2010 жылы туған).[1].

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads