Серік Жамбылұлы Шәпкенов

From Wikipedia, the free encyclopedia

Серік Жамбылұлы Шәпкенов
Remove ads

Серік Жамбылұлы Шәпкенов (29 шілде 1979 жыл, Қаратөбе, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2022 жылғы 7 сәуірден бергі Атырау облысының әкімі.[1]

Quick facts Лауазымы, 7 сәуір 2022 жылдан бері ...

Бұрын Шәпкенов Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2021–2022) және Атырау қаласының әкімі (2016–2018) болған.

Remove ads

Өмірбаяны

Серік Шәпкенов 1979 жылғы 29 шілдеде қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының Қаратөбе кентінде дүниеге келді. Ол — 2000 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономикалық кибернетика факультетін бітірген экономист-математик.

2000 жылдан Шәпкенов М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы.

2001 жылдан ол — Батыс Қазақстан облыстық қоршаған ортаны қорғау қорының жетекші маманы.

2002 жылғы маусымнан ол — Батыс Қазақстан Қаржы басқармасының жетекші маманы, 2003 жылдан ол — оның бас маманы. 2006 жылғы қаңтардан ол БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті шынайы секторлы дамыту бөлімінің бастығы болған.

2006 жылғы наурыздан ол БҚО Ауыл шаруашылық департаменті әкімшілік бөлімінің бастығы, 2007 жылғы қаңтардан директорының орынбасары еді.

2007 жылғы қазаннан Батыс Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті бастығының орынбасары болған ол 2009 жылғы қыркүйектен БҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы болды.

2014 жылдан ол Президент Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2016 жылдан бастап Шәпкенов Атырау қаласының әкімі еді.

2018 жылдан бастап Шәпкенов Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарса, 2020 жылдан ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары болған.

2021—2022 жылдары аралығында ол Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болған.

2022 жылғы 7 сәуірден бастап Атырау облысының әкімі болып тағайындалды.[2]

Remove ads

Өз өмірі

Серік Шәпкенов үйленген, жұбайы — Шәпкенова Анар Асыланбайқызы, үй шаруасымен айналысады. Екеуінің екі ұлы бар: Жамбыл Темірлан Серікұлы мен Жамбыл Әлібек Серікұлы.[3]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads