Сетінек

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сетінек
Remove ads

Сетінек - (лат. Gadus morhua)  - хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су жануарлары. Кәсіби маңызы зор балықтардың бірі. Балықтан белгілі танымал консервтің өндірісін жасайды. Және балықтың бауыры өте майлы (74%-ға дейін) болғандықтан - балық майының шикізаты болып табылады..

Quick facts Сетінек, Ғылыми топтастыруы ...
Remove ads

Биологиялық сипаттама

Денесінің ұзындығы 1,8 м-ге жетеді. Өнеркәсіптікте жасы 3-пен 10-ны арасындағы үлкендігі 40-80 см балықтар қолданады.
Арқасындағы қанаттары -3, құйрық қанаттары - 2, иегінде етті мұрты бар.
Түсі - жасыл-зәйтүнді емесе құба, қарын жағы ақ. Денесін қабыршақ жапқан, барлық балықтар сияқты өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Жүрегі 2 камералы, қан айналу шеңбері – біреу. Миының құрылысы қарапайым. Денесінің тепе-теңдігін сақтау қызметін атқаратын торсылдағы болады. Дара жынысты, сырттай ұрықтанып, уылдырық шашу арқылы көбейеді. Уылдырығын жылына бір рет шашады.
Бастапқы екі жылда майда шабақтар шаянтәрізділермен көректенеді. Үш жастан бастап сетінек жыртқыш балыққа айналып айқын миграция жасай бастайды. Майшабақпен, мойвамен және сайрамен көректенеді. Арасында теңіз түбіндегі фаунаны да жейді.
Жасы 8-9 жасқа ал салмағы 3-4 кг-ға жеткенде сетінек тұнғыш рет уылдырық шашады. Ұрғашы сетінек 2-3 бәліп уылдырықты шашады.
Жалпы 20-25 жылға дейін өмір сүреді.

Remove ads

Таралуы

Сетінек тұзды суларда (мұхиттарда) тіршілік етеді. Көбіне алапта жүреді. Тереңдікте сирек кездеседі.
Балық Атлант мұхитының солтүстік аймақтарыда таралған. Тіршілік ету ареалы Бискай шығанағынан бастап Баренцев теңізінен және Шпицбергеннен Хаттера мүйісіне (Солтүстік Каролина) дейін созылады. Осыған байланысты балықтың түршелері - арктикалық, ақтеңіздік, балтикалық болып бөлінеді.

Дереккөздер

  • “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998

Сыртқы сілтемелер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads