Селбесу
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Симбиоз (ағылш. Symbiosis, грек συμβίωσις symbíōsis — бірге тұру, бірге жасау, селбестік) — әртүрлі екі, не одан да көп организмнің тұрақты түрде өзара сәйкесіп, әрдайым бірге тіршілік етуі.



Бұл кезде екі организм де (симбионт) немесе олардың біреуі сыртқы ортамен қатынаста артықшылық алаңы. Симбиоз — кең үғым, бұған өзара көмек көрсететін қатынасты да (мутуализм, комменсализм) және иесі мен паразит үзақ уақыт бірге тіршілік ететін паразитизмді де жатқызады. Бұл терминді А.де Бари ұсынды (1879).[1]
Remove ads
Жануарлардағы симбиоз
Жануарлардағы симбиозға мысал – шаян мен актинияның бірігіп тіршілік етуі жатады. Актиния шаянның арқасына бекініп оны атпа жасушаларының көмегімен қорғайды, ал актиния шаяннан қалған тамақ қалдықтарымен қоректенеді және оны қозғалыс құралы ретінде пайдаланады. Жоғары дәрежеде дамыған симбиозға термиттер мысал бола алады; Олардың ас қорыту жолдарында талшықтылар мекендейді. Термиттер целлюлозаны гидролиздеуші ферменттерінің болмауына қарамай ағашпен қоректенуге қабілетті. Мұны олардың орнына талшықтылар жүзеге асырады. Ал нәтижеде түзілетін қантты термиттер пайдаланады. Термиттер осы ішек фаунасынсыз тіршілік ете алмайды.
Remove ads
Өсімдіктердің арасындағы симбиоз
Өсімдіктердің арасындағы симбиозға жақсы мысал – қыналар. Қыналар, балдырлар мен саңырауқұлақтар - селбесіп тіршілік етуі нәтижесінде түзіледі.
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
