Симоне Индзаги
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Симоне Индзаги (итал. Simone Inzaghi; 5 сәуір 1976[1], Пьяченца, Италия) — италиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы. 2016 жылдан бері "Лацио" клубының бас бапкері. Филиппо Индзагидің інісі, бірақ ағасы секілді Ұлттық құрамада онша көп ойнамады, тек үш кездесуде ғана алаңға шықты.
Remove ads
Карьерасы
Карьерасын 1994 жылы туған қаласындағы "Пьяченсада" бастағанымен, 1998 жылға дейін түрлі клубтарда арендада ойнаумен болды.
1999 жылы "Лациоға" ауысты да, бір маусымның ішінде бірнеше турнирдің жүлдегері боп шыға келді (УЕФА Суперкубогы, Италия кубогы, Италия чемпионы). 1999/00 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасында қарсыластар қақпасына 9 гол соқты (Соның төртеуін "Марсельдің" қақпасына).
2005 жылы "Сампдоияға", 2007 жылы "Аталантада" арендада ойнап, карьерасының қалған бөлігін "Лациода" өткізді.
2016 жылы "Лацио" басшылығы Марсело Бьелсаның командаға келуін қаламады да, орнына Симоне бапкер боп тағайындалды.
Remove ads
Жетістіктері
Лацио
- Италия чемпионы: 1999/00
- УЕФА Суперкубогы: 1999
- Италия кубогы (3): 1999/00, 2003/04, 2008/09
- Италия суперкубогы (3): 2000, 2009
Лацио
- Италия кубогы: 2018/19
- Италия суперкубогы: 2017
Отбасы
- Томмаозо атты ұлы бар (2001 ж.т). Әйелінің аты Алесси Маркузи, ол фотомодель, актер.
Дереккөздер
Сілтемелер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads