Сирена

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сирена
Remove ads

Сиренагаз немесе сұйық ағынның ауық-ауық тоқтан қалуына негізделген дыбыс тудырғыш. Сиреналардың ішінде осьтік сиреналар (газ ағыны айналу осінің бағытымен қозғалады) және радиальды сиреналар (газ ағыны айналу осіне перпендикуляр бағытталған) деп аталатын түрлері кең тараған.

Thumb

Осьтік сирена

Осьтік сиренада тесіктері бар ротор двигатель көмегімен статорға қатысты айналдырылады. Ротор мен статор тесіктерінің төменгі жағынан сығылған ауа үрленеді. Ауа тесіктерге құбырдан сақиналы камера мен саңылау арқылы өтеді. Ротор айналғанда ауа ағыны периодты түрде үзіліп отырады. Мұның нәтижесінде ротордың айналу жылдамдығының тәуелді жиілігі бар дыбыстық толқын пайда болды. Қазіргі кезде пайдаланылатын сиреналардың жиілік диапозоны 200–300 герцтен 600 килогерцке, ал қуаты ондаған киловаттқа дейін жетеді.

Remove ads

Пайдаланылуы

Сиерналар сигналдық (сақтандыру, хабарландыру т. б.) және әр түрлі технологиялық мақсаттарда (тұманды шөктіру, жылулық және зат алмасу процестерін шапшаңдату, газ не ауадағы ұсақ бөлшектерді біріктіру т. б.) пайдаланылады.[1][2]

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads