Сирокко

From Wikipedia, the free encyclopedia

Сирокко
Remove ads

Сирокко — Жерорта теңізінде, Сицилия аралы мен Апеннин түбегінің оңтүстігінде бірнеше сағат, кейде бірнеше төулік бойы үздіксіз соғып тұратын ыстық, құрғақ, күшті жел. Ол Солтүстік Африка шолдерінен ауған құрғақ, ыстык ауаның әсерінен пайда болады. Сицилия аралында сирокко жоғары температуралы, құрғақ болып келеді де, таулардың ықтасын беткейлерінің жағында фёнге айналып, бұрынғыдан да құрғай түседі. Одан әрі теңіз үстімен өтуіне байланысты бұл жел солтүстік Италияға ылғалданған ауа әкеледі. Сирокко әсерінен Сицилия мен Оңтүстік Апеннинде ауа кенет құрғап, шаңқыған ыстық түседі де, өсімдіктер қурап, адамдар көп азап шегеді.

Thumb
Сирокконың Либиядан құмды Жерорта теңізінің үстімен Мальта, Италия, Грецияға қарай тасымалдауын көрсететін ғарыштан түсірілген сурет.
Thumb
Сирокконың Солтүстік Африкадан Еуропаға қарай таралу бағыты
Remove ads

Дереккөздер

  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.


Remove ads
Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads