Соломон аралдары (архипелаг)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Соломон аралдары (архипелаг)
Remove ads

Соломон аралдары архипелагыТынық мұхиты, Папуа — Жаңа Гвинея шығысында орналасқан, Меланезия зонасына жатқызылатын архипелаг.[1] Солтүстік-батыс бөлігі Папуа — Жаңа Гвинея мемлекетінің, қалған бөлігі – Соломон аралдары мемлекетінің құрамына кіреді. Аумағы 40,4 мың км². Ең биік жері – 2743 м (Бугенвиль аралында).

Quick facts Сипаттамасы, Орналасуы ...

Соломон аралдарын 1568 жылы испандық теңізде жүзуші Альваро Менданья де Нейра ашқан. Ірі аралдары: Бугенвиль, Гуадалканал, Санта-Исабель, Малаита, Макира, Шуазёль, Нью-Джорджия. Аралдар негізінен жанартаулық жолмен пайда болған, әрекетті жанартаулары – Балби, Багана. Климаты субэкваторлық, өте ылғалды. Айлық орташа температурасы 26–28°С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2300 мм-ден жоғары. Өзендері қысқа, суы мол. Соломон аралдарының басым бөлігін мәңгі жасыл ормандар (пальма, фикус), қуаң жағын саванналар, өзен бойларын мангр бұталары алып жатыр. Топарал аумағында Куин-Элизабет ұлттық саябағы (Гуадалканал аралында) құрылған.

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads