Солтүстік Ирландия

From Wikipedia, the free encyclopedia

Солтүстік Ирландия
Remove ads

Солтүстік Ирландия (ағылш. Northern Ireland; ирл. Tuaisceart Éireann[1]; олст.-шотл. Norlin Airlann) — Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Құрама Патшалығының әкімшілік-саяси бөлігі.

Quick Facts Тарихы, Мемлекеттік құрылымы ...

Ирландия аралының солтүстік-шығысында орналасқан. Астанасы әрі ең ірі қаласы – Белфаст. Оңтүстігінде және батысында Ирландия Республикасымен шектеседі.

Remove ads

Географиясы

Солтүстік Ирландияның ең биік нүктесі – Морн тауларындағы Слив-Донард (848 м)

Солтүстік Ирландияның орталығында бақтақ пен жыланбалық мекендейтін Лох-Ней өзені, Ұлыбританияның ең үлкені (388 км²), орналасқан. Көлемі бойынша екінші болатын көлдер системасы – Үстіңгі мен Астыңғы Лох-Эрн, елдің оңтүстік-батысында орналасқан. Сол көлдердің арасында Солтүстік Ирландияның жазық жері орналасқан, ал солтүстік-шығысы, оңтүстік-шығысы мен батысы – таулар.

Remove ads

Тарихы

Толық мақаласы: Ирландия тарихы

1920 жылдың Ирландия аралын екі мемлекетке бөлген Ирландияның үкіметі туралы акті Солтүстік Ирландияның және оның алты графтігінің пайда болуына себеп болады. Солтүстік Ирландияда протестаннтық көпшілігі болатындай Ирландия-Ұлыбритания шекарасы салынған. Өйткені католиктер жиі Ұлыбританияның басшылығын қолдайтын. Католиктер мен Протестанттар өзара сегрегацияда өмір сүретін.

Ирландияның бөлінгеніне қарсы болғандар көп болған және Солтүстік Ирландияның құрылғанынан кейін қақтығыстар, әсіресе Белфастта, жиі болатын. ИРА (Ирланд Республикалық әскері (орыс.)) жақтырмағаны сонша, Ұлыбританияның Ирланд Корольдік Полициясын (ағыл.) болысатын Алстер Арнайы Полициясын (ағыл.) құруға мәжбүр болады. 1920-1923 жж арасында болған конфликт Белфаст тарихындағы әлі де ең үлкен қантөгісі болып келеді. Ағылшын-Ирланд келісімінің (орыс.) қабылданғанынан кейін ғана қақтығыстар азаюды бастайды. Жалпы санасақ, Ирландияның конфликтінде 1920 шілдесі мен 1922 шілдесінің арасында 636 адам көз жұмған. Соның ішінде шамамен 460-сы Белфастта болды (58 Католик, 159 Протестант пен 3-еуінің ұстанған діні белгісіз).

Алайда, қақтығыстар толықтай тоқтамаған, және соған уайымдаған халық Солтүстік Ирландия регионынан шығуды бастайды.

Remove ads

1952-1965

Солтүстік Ирландияның Ұлыбританияның құрамына кіргенін қолдайтындарды жиі юнионисттер (ағыл. Union - ұйым, одақ) деп атайды. Регионның құрылғанынан кейін оның басшылығында болғандар көбінесе Юнионисттер болатын және олар Католиктер мен националисттерге қарсы кемсітушілік көрсететін жүйе арқылы билейтін.

Бұны регионда жиі байқауға болады. Кейбір графтықтар сайлаулары юнионисттердің жеңісіне көз жеткізу үшін жалғандалатын. Бұны көбінесе националисттер мен католиктер көп болатын графтықтарда байқауға болатын. Соған қоса, жұмысқа орналастырудағы кемсітушілік те жиі болатын. Осыны байқайтын католиктер эмиграцияға ұшырап, протестанттар саны көбейе беретін.

1960 жж. 3,254 адам өліміне мен 50,000 жазымдарға әкелген Солтүстік Ирландия Ылаңы болған. Оның басты себебі - ирландтарға мен католиктерге қарсы кемсітуді жақтамаған ирландықтар Ұлыбритания үкіметіне қарсы қақтығыстарға түсетін. 1969 жылдан 2003 жылға дейін 36 900-дан астам атыс қақтығысы мен 16 200-ден астам бомбалау болды.

1967 жылы Солтүстік Ирландияның азаматтық құқықтары қауымдастығы (СИАҚҚ) құрылады және оның Алстер Арнайы Полициясына (ағыл.) қарсы қақтығысы 1969 жылы басталды.

Сонымен, 1973 жылы Солтүстік Ирландияда референдум өтеді. Сол жерде тұрғындар Ұлыбритания құрамына қалу-қалмау мәселесін шешеді

Мемлекет

1542 жылы қабылданған және әлі де қолданыстағы Ирландия Патшалығының актісі бойынша, Солтүстік Ирландияның мемлекет басшысы – ағылшын монархы. Егемен Ирландияның пайда болғанынан бері, Солтүстік Ирландия доминион болып келеді. Ұлыбританияның конституциясы бойынша, Солүстік Ирландия халықтық референдум арқылы, 1991 жылы қабылданған Бельфасттық келісімге байланысты, сецессияға түсе алатын жалғыз ғана бөлігі.

Заң шығарушы органы – Солүстік Ирландия Ассамблеясы (ағыл. Northern Ireland Assembly, ирл. Tionól Thuaisceart Éireann, ольст. шотл. Norlin Airlann Semmlie). Оның құрамында 108 халықпен сайланатын Заң Шығарушы Жиналыстың мүшелері бар. Олар өзінің ішінен Жиналыстың Спикерін, Жиналыстың Спикерінің Бірінші Орынбасарын мен Екінші Орынбасарын сайлайды.

Атқарушы органы – Солүстік Ирландияның Атқарушы комитеті (ирл. Feidhmeannas Thuaisceart Éireann). Оның құрамында Солтүстік Ирландияның Бірінші Министрі (ирл. Céad-Aire Thuaisceart Éireann), онымен қатарлас Бірінші Министр Орынбасары (ирл. leas-Chéad-Aire Thuaisceart Éireann) және басқа 11 министрлері бар.

Remove ads

Әкімшілік бөлінісі

Thumb
Ирландия аралының әкімшілік бөлінісі

Солүстік Ирландия, Ұлыбританияның басқа бөліктерідей, графтықтар мен аудандарға бөлінеді. Солтүстік Ирландияның үш түрлі бөліністері бар: Графтықтар бойынша, Аудандар бойынша және Тарихи региондары бойынша. Солтүстік Ирландияның 6 11

Графтықтары

Солтүстік Ирландия алты графтықтарға бөлінеді. Олар жиі FATLAD пен FATDAD аббревиатураларымен белгілейді. 1970 жылдардың басына дейін Солтүстік Ирландия алты дәстүрлі графтықтан және екі қалаграфтықтан (Белфаст пен Дерри) тұрды. 1973 жылғы реформадан кейін графтықтар өз әкімшілігінен айырылады да, өз автономиясы бар 26 ауданға бөлінді. Сонда да, графтықтар бойынша автомобиль нөмірлері мен пошталық индекстері беру әлі бар.

More information №, Графтықтың аты ...
Thumb
2015 жылдың реформасынан кейінгі Солтүстік Ирландияның автономиялық бірліктерінің картасы.
Remove ads

Аудандары

1972 жылдан 2015 жылға дейін Солтүстік Ирландияның 26 ауданы болды. 1 сәуір 2015 жылына бастап аудандар саны 11-ге азайтылды.[2]

More information Кар тада ғы №, Ауданның аты ...
Remove ads

Халқы

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads