Солтүстік (арал, Жаңа Зеландия)

From Wikipedia, the free encyclopedia

Солтүстік (арал, Жаңа Зеландия)
Remove ads

Солтүстік аралы (ағыл. North Island, маори Te Ika-a-Māui, сондай-ақ 1840 жылы Жаңа Олстер) — Жаңа Зеландияның екі негізгі аралдарының бірі. Тұрғындар саны 3 760 900 адам (2019 жыл маусым) құрайды[1]. Жаңа Зеландияның шамамен 76 % халқы Солтүстік аралда тұрады.

Quick facts Сипаттамасы, Орналасуы ...
Remove ads

Атауы

Арал ұзақ жылдар бойы Солтүстік арал деп аталса да, Жаңа Зеландияның Географиялық Кеңесі 2009 жылы Оңтүстік арал сияқты, Солтүстік аралдың да ресми атауы жоқ екенін анықтады[2]. 2013 жылдың қазан айындағы қоғамдық кеңестен кейін Кеңес Басқармасы бұл аралды ресми түрде «Солтүстік арал» немесе Те Ика-а-Мауи деп атады[3]. XIX ғасырдың кейбір карталарында Солтүстік арал Жаңа Олстер деп аталады.

Географиясы

Аралдың ауданы 113 729 км², Жаңа Зеландияда екінші (Оңтүстіктен кейін) және әлемде 14-ең үлкен арал.

Солтүстік аралда - тау оңтүстікке қарағанда әлдеқайда аз. Оның ең биік нүктесі - белсенді Руапеху жанартауы (2797 м). Алайда, Солтүстік аралда жоғары жанартаулық белсенділік бар, нәтижесінде алты жанартаулық аймақтың бесеуі осында орналасқан.

Солтүстік аралдың орталығында Жаңа Зеландияның ең үлкен көлі Таупо орналасқан. Осы жерде Жаңа Зеландиядағы ең ұзын Уаикато өзені (425 км) ағады.

Орташа жылдық температура +19 °C құрайды.

Аралдың батысында Эгмонт ұлттық паркі орналасқан.

Remove ads

Тұрғындар

Аралда елдің басты қалалары, оның ішінде Жаңа Зеландиядағы ең үлкені - Окленд және ел астанасы - Веллингтон бар. 2011 жылғы санақ бойынша, аралдың тұрғындарының саны 3 366 100 адамды құрайды. Солтүстік аралда Жаңа Зеландияның шамамен 76% тұрғыны тұрады.

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads