Сор
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сор (кебір) — геоморфологиялық ілім бойынша өз алдына рельеф типін құрайтын өсімдіксіз тақыр, немесе сораңдардан тұратын өсімдіктері өте сирек тұзды шөлдердегі ойпаңдар. Нөсер жаңбырлар кезінде түбіне су жиналып көлшік пайда болады. Бірақ ыстық температура жағдайында тез құрғап қалады да, көп бұрышты жарықтар пайда болады. Сордың барлық горизонттарында оңай еритін тұздар көп кездеседі, онымен бірге жер асты сулары жер бетіне жақын орналасады.[1]

Сор Қазақстанның шөл және шөлейт жерлерінде суы тартылған тұзды көлдердің орнында және топырағы саз балшықты, құрамында тұзы көп болып келетін ойпаттарда көктемгі жиналған қақ суы кепкеннен соң пайда болады. Сорларға өсімдік шыұпайды. Жаз айларының ыстығында сордың бетіндегі қабыршақтар жарылып тақырға айналады.[2]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
