Сороки
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сороки (Сорока, рум. Soroca) — Молдовадағы қала және муниципалитет, Сорока ауданының орталығы.[1] 2025 жылы Сорока қаласының халқы 37 588 адамды құрады. Сорока Молдовада 59 қаланың ішінде халық саны бойынша 8-ші орында.[2]
Remove ads
Географиялық орналасуы
Флорешта теміржол станциясынан 40 км қашықтықта Днестр өзенінің оң жағалауындағы аңғарда орналасқан.[3]
Тарихы
XII немесе XIII ғасырда қазіргі қаланың орнында генуездік Ольхиония қонысы орналасқан. XV ғасырда Молдавия билеушісі Ұлы Стефан Польша мен Венгриядан өз иелігін қорғау үшін бұрынғы Ольхионияның орнына Сараки деп аталатын бекініс тұрғызды.
XVIII ғасырда бұл атау Сороки болып өзгертілді. 1692 жылы поляктар бекіністі басып алып, мұнда өздерін қоршап тұрған Мұстафа пашадан қорғанды.
1711 жылы Петр I өзінің негізгі күштерін Сорокиден Днестрдің оң жағалауына ауыстырып, Сорокиді өз армиясының керек-жарақтарын сақтайтын негізгі қоймаға айналдырды. 1738 жылы Сорокиді орыс әскерлері басып алды.
1812 жылы қала Ресейге берілді. 1833 жылы Сороки уезі құрылғанда қала уездік қалашыққа айналды.
1941 жылы 15 шілдеде Кеңес үкіметі мен әскерлері қаладан шығып, оны неміс әскерлері басып алды.
1944 жылы 17 наурызда Уман-Ботошани операциясы кезінде 2-ші Украина майданының кеңес әскерлері оны неміс әскерлерінен азат етті:
1949-1952 және 1962-1991 жылдары Молдаван КСР-нің республикалық бағыныстағы қаласы мәртебесіне ие болды.[4]
Remove ads
Экономика және транспорты
Қала әртүрлі бизнес пен кәсіпкерлік белсенділікпен айналысатын аймақтың экономикалық және сауда орталығы болып табылады. Қалада 2000-нан астам кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді, олардың басым бөлігін жеке кәсіпорындар құрайды. Негізгі өнеркәсіп кәсіпорындары жеңіл өнеркәсіпте, өңдеу өнеркәсібінде және машина жасауда шоғырланған. Тамақ өнеркәсібінде жемістер мен көкөністерді, сүтті, ет өнімдерін және темекіні өңдеу салаларын аиауға болады.
Сороки қолайлы географиялық жағдайға және жақсы дамыған көлік инфрақұрылымына ие, бұл сауда мен бизнестің дамуына ықпал етеді. Қалалық көлік жалпы ұзындығы 62 шақырымды құрайтын 6 бағыт бойынша ұйымдастырылған.[5]
Көрікті жерлері
Бүгінгі таңда қазіргі Сорока қаласы - шекаралас қала және Молдованың ірі туристік орталығы.
Қалаға жақын жерде Бекир шатқалы IX ғасырдағы бірегей ескерткіш, бүгінгі күнге дейін сақталған және бүкіл әлемге әйгілі жартас ұяшықтары бар. Сороки бекінісінен 7 км қашықтықта әйгілі Косоуцы ауылы монастырьмен және тасты көркемдік өңдеумен айналысатын қолөнершілермен белгілі.[6]
Галерея
-
Этнографиялық мұражай
-
Мәдениет үйі
-
Бұрынғы қыздар гимназиясының ғимараты
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads