Социал-демократиялық партиялар

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Социал-демократиялық партиялар - қазіргі капиталистік қоғамда еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап, өзгертіп отыруға тырысатын партиялар. Олардың басты құндылықтары: әділеттілік, бостандық, ынтымақтастық, теңдік. Мысалы, Австрияның, Германияның, Швецияның социал-демократиялық партиялары, т.б. Еуропалық социал-демократиялық партиялардың саяси ұстанымдары: әлеуметтік және экономикалық жаңартылған индустриалдық өркениет; әлеуметтік әлемнің маңызды өндірістік күші ретінде әлеуметтік мемлекетті кеңейту, әлеуметтік және аймақтық мүмкіндіктерді теңестіру; өндіріс технологияларын дамытуға әлеуметті жауапкершілікті ықпал; аралас экономикадағы экономикалық демократия; техникалық жатсыну мен бос уақытты ұйымдастыруды саудалауға қарсы күнделікті өмірдегі жаңа әлеуметтік мәдениет; жұмыс уақытын қысқарта отырып толық жұмыспен қамтамасыз ету саясаты; әйелдердің тең жағдайы; индивидуалистік бітімгершілік; Оңтүстік елдерімен ынтымақтастық; қоғамдық демократия.

[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads