Спагетти
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Спагетти — жіп тәрізді, ұзындығы жарты метрге жететін, қалыңдығы құрғақ кезінде 2 мм болатын итальяндық макарон өнімі. "Спагетти" сөзінің өзі жіп деген мағынаны білдіреді. Спагеттиді сындырмай тұзды суға қайнатады. Тағы бір ерекшелігі судың мөлшері үш есе артық болу керек. Спагеттиге әр түрлі татымдықтар және көбіне үгітілген сыр мен томат пастасын салады. Спагеттиді жеудің де ережесі бар. Ол үшін оң қолға қасық, ал сол қолға шанышқы ұстайды. Шанышқымен спагеттиді шаншып алып қасықтың көмегімен шанышқыға үзбей орайды. Спагеттиді жей отырып қасықпен дәмдеуішті де бірге қосып жейді.[1]

Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads
