Бекет

From Wikipedia, the free encyclopedia

Remove ads

Бекет - жолаушылар аялдайтын орын. Мұндай орынға тұрақжай салынады. Бекеттердің ара қашықтығы атты кісіге түстік жер шамасында болады. Бекетке аялдағандар ат шалдыртып тыныққан.   Ал мемлекеттік ресми қызметтегі адамдар бекеттерде аттарын ауыстыратын. Ол aт бекеті, ал ауыстырып мінген аттар лау ат деп аталады. Жол бойындағы бекетте жұмыс істейтін, бекет ұстайтын адамды бекетші деп атайды. Жаугершілік кезеңде, жорықта қарауылдау, дабыл беру тобын, жауға алғашқы қарсылық жасайтын ілгергі қарулы күшті де бекет деп аталған.

 Басқа мағыналар үшін Бекет (айрық) деген бетті қараңыз.

Ресей патшалығына қараған кезде әкімшілік-саяси құрылымның байланыс жүйесінің (пошта) өз бекеттері болған.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads