Стокгольм

From Wikipedia, the free encyclopedia

Стокгольм
Remove ads

Стокгольм (швед. Stockholm  [stɔkːhɔlm]) — Швеция елінің астанасы, әрі ең ірі қаласы. Меларен көлінің шығысында орналасқан. Халық саны — 2 198 044 (2017 жыл).

Quick facts Әкімшілігі, Статусы ...

Он үшінші ғасырдан бері Стокгольм елдің ең ірі экономикалық орталығы болып табылады. Бүгінгі күні ол Швецияның ең ірі қаласы, өзін өзі басқарады. Қала маңында 1 252 020 адам тұрады (2005 жыл бойынша) — Швеция бойынша ең халық тығыз тұратын аймақ. Ал Стокгольм агломерациясы халқы 2 109 202 адамды құрайды[3]. Тарихи бұл аймақ Швеция үшін өте маңызды болған. Қала он төрт кішігірім, өзара байланыспаған, Меларен көліне қарай кемелерді бөгеп тастауға болатын аралдарда салынған.

Thumb
Стокгольм облысы 3000 б. з. д.
Thumb
Стокгольмдағы теңіз деңгейі бұрынғы дәуірлерде
Remove ads

Экономикасы

Thumb
Ericsson компаниясының Стокгольмдағы ғимараты

Стокгольмның басым тұрғындары қызмет көрсету саласында жұмыс істейді, бұл қаладағы жұмыс нарығының 85 %. Қалада ауыр өнеркәсіптің жоқтығы Стокгольмды әлемдегі ең экологиялық таза қала атандырады.

Соңғы жылдары жаңа технология жасап, оны өндіріске шығарумен айналысатын компаниялар көп вакансияда ашуда. Осы жерде әлемге әйгілі IBM, Ericsson және Electrolux бас пәтерлері орналасқан. Стокгольм солтүстігінде Чиста ауданында ірі IT-орталық бар.

Thumb
Стокгольмдағы екінші биік ғимарат

Стокгольм — ірі қаржы орталығы. Осында Скандинавия ірі банктерінің бас пәтерлері орналасқан — Swedbank, Handelsbanken, және Skandinaviska Enskilda Banken. Сонымен қатар осында Skandia және Trygg-Hansa ірі сақтандыру компаниялары да бар. Стокгольмда танымал Стокгольм қор биржасы (Stockholmsbörsen) жұмыс жасайды. Жалпы 45 % астам барлық швед компанияларының бас кеңселері осында орналасқан[4].

Соңғы 15 жылда туризм саласы қала эконмикасында маңызды рөл атқара бастады. 1991—2004 жылдары қалаға келуші туристер саны күрт өсе бастады. Жыл сайын қалаға 7,5 млн турист келеді[5].

Стокгольм ірі компанияларындағы қызмет көрсетушілер саны бойынша:[6]

  • Ericsson—8,430
  • Posten AB (ұлттық почта қызметі)—4,710
  • Skandinaviska Enskilda Banken (SEB)—4,240
  • Swedbank—3,610
  • Södersjukhuset (Southern Hospital)—3,610
  • MTR Stockholm (Стокгольм метро қызметі)—3,000
  • Nordea—2,820
  • Handelsbanken—2,800
  • IBM Svenska—2,640
  • Capgemini—2,500
  • Securitas AB—2,360
  • Veolia Transport—2,300
  • ISS Facility Services—2,000
  • Sveriges Television (бұқаралық телевизия)—1,880
  • Nobina Sverige AB — 1,873 (2012)
  • Sodexo—1,580
Remove ads

Галлерея

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads