Стройтрансгаз
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Стройтрансгаз - мұнай-газ құрылысының халықаралық рыногындағы жетекші ресейлік мердігер. Қызметінің басты бағыттары: құбыр желілерін, компрессорлық станциялар, сығымдаушы компрессорлық станциялар, мұнай өңдеу зауыттарын салу; кенорындарды жайластыру, мұнай мен газды сақтау нысандарын тұрғызу, оның ішінде жерасты, азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттар салу; газ жабдықтарын, құбыр желілерін тарту жабдықтарын, құбыр желілерін жалғау бөлшектерін дайындау; техникалық блоктар мен суперблоктар дайындау. Қаржыландыру, бұйымдар жеткізіп беру, жобаларды басқару, құбыржелілік жүйелер жобалау, мұнай-газ нысандарын, өнеркәсіптік ғимараттарды жобалау шараларын ұйымдастыру инжинирингімен айналысады. Көмірсутектерді өндіру бағытында кенорындарды барлау және игеру, мұнай мен газды өндіру, мұнай өнімдерін өткізу жұмыстарымен айналысады. "Стройтранс" қоғамы - тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш мұнай құбыры болып табылатын Кеңқияқ-Атырау жобасының бас мердігері. Кеңқияқ-Атырау жобасының негізгі керсеткіштері төмендегідей: құбыр желісі шикі мұнайды Кеңқияқ, Жаңажол, Лақтыбай, НПС-3, Мақат кенорындарынан Атырауға шейін тасымалдау мақсатында тартылган. Құбыр желісінің жалпы ұзындығы-448,6 км, құбырының диаметрі-610 мм, өткізу қабілеті-жылына 7-12 млн. тонна аралығында (жұмысшы қысым - Рж=6,4 МПа болғанда).[1]
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads