Суыр

From Wikipedia, the free encyclopedia

Суыр
Remove ads

Суырлар (лат. Marmota) – кемірушілер отряды, тиінтәрізділер тұқымдасына жататын сүтқоректі.

Quick Facts Суырлар Қазбалық ауқымы: Late Миоцен–Recent, Ғылыми топтастыруы ...
Thumb
Marmota in Austria


Қазақстанның орманды даласында, шөлді жерлері мен таулы аймақтарында кездесетін 4 түрі: дала cуыры (Marmota bobak), сұр cуыр (Marmota baibacina), ұзынқұйрық суыр (Marmota caudata) және Мензбир суыры (Marmota menzbieri) бар. Дене тұрқы 30 – 60 см, құйрығының ұзындығы 10 – 25 см, салмағы 3 – 8 кг. Түсі қызыл қоңыр, сарғыш жирен, кейде қара қоңыр түкті шұнақ құлағы болады. Ашық алқапта тереңдігі 3 м, ін жолдары 8 м-дей, бірнеше (1 – 6) аузы бар, ін қазады. Онда топтанып тіршілік етеді. Жылына 7 айдай ұйқтайды. Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Жылына бір рет наурызсәуір айларында көбейіп, 15 – 20 жыл тіршілік етеді. Дала суыры мен ұзынқұйрық суырдың кәсіптік маңызы бар. Олардың бағалы терісінен бас киім, сырт киім тігіледі. Суыр майы халық медицинасында әр түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланылады.[1]

Remove ads

Дереккөздер

Loading related searches...

Wikiwand - on

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Remove ads