Сыбырлар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Remove ads
Сыбырлар, кейде сібір татарлары (сіб. тат. себер татарлары[1][2], татарлар,[3] сибиртар, сибиртатарлар) — түркі тілдес халық. Жергілікті тайпалық топтармен араласып кеткен Сібірді мекендейтін этникалық топ. Мындай топтарға бөлінеді: тобыл, барабы, есіл, таралықтар және т.б. Бұлай аталу себептері орналасқан жерлерінің атауларына байланысты. Есіл өңіріндегі татарлар ежелгі уақыттан бері солтүстік жағалауға қоныстанған, яғни, Түмен, Есіл өңірінің татарлары. Сібір (Түмен) хандығының тікелей ұрпақтары болып табылады. Оларды Шибан мен Тайбұға әулетінің өкілдері басқарды. Сібірді Ермак жаулап алғаннан кейін Сібір хандығы Ресей құрамына кірді. Олар Сібірдің байырғы халқы және ежелден Тобыл, Ертіс және Есіл өзендерінде тұрады. Сібір татарларының туысқан халықтары: башқұрттар, қазақтар, Алтайдың түріктері.
Remove ads
Физикалық антропологиясы
Сібір татарлары моңғолоидтік және еуропиоидтік нәсілдердің арасындағы өтпелі топқа жатып, 2-ге негізгі типке бөлінеді:
- оралдық түр;
- оңтүстік-сібір түрі.[4]
Топтары мен топшалары
- Тобыл-ертістік топ;
- Барабалық топ;
- Томбылық топ.[5]
Сібір татарларының арасында ассимиляцияға ұшыраған сібірлік бұхарлықтарды кездестіруге болады.
Қоныстану территориясы, саны


2010 жылғы санақ бойынша, Батыс Сібірдегі татарлардың саны 524 мың адам болды[6]. Батыс Сібір татарларының этникалық құрамын зерттей келе, сібір татарларының саны 190 адам шамасында деген болжамға келуге болды. Татарлардың қалған бөлігі Еділден, Оралдан көшіп келгендер мен олардың ұрпақтары.
Сібір татарлары Орал таулары мен Том өзенінің арасында орналасқан дала, орман зоналарындағы алқаптарды мекендеген. Олардың ауылдары басқа ұлттардың ауылдарымен аралас түрде Түмен облысының Аромаш, Заводоук, Вагай, Исет, Тобыл, Түмен, Ялутор, Уват, Ярков, Төменгітавда аудандарында; Омбы облысының Усть-Ишим, Тевриз, Тар, Муромцевск, Знаменск, Большереченск, Колосов аудандарында; Новосібір облысының Чанов, Кыштов, Венгеров, Куйбышев, Колыван аудандарында; Томбы облысының Кривошеин, Томбы аудандарында орналасқан.
1555 жылы Мәскеуге келген Ескер жұртының билеушісі Едігер қол астындағы "қара сүйектің" саны 30 700 деп жариялаған. Иван Грозныйдың ұсынған алым-салық туралы грамотасында 40 000 адам белгіленген. Тобыл губерниясында болған 1897 жылғы бірінші ресейлік санақ бойынша сібір татарларының саны 56 957 деп көрсетілген. Бұл сібір татарлары туралы кездесетін соңғы нақты дерек. Кейінгі болған санақтарда Еділ бойынан көшіп келген татарлар мен сібір татарлары жалпы "татарлар" атауымен кездеседі. 1897 жылғы санақты көптеген сібір татарлары патша үкіметінің жаңа салықтарды енгізудегі алды-ала жүргізіп жатқан жұмыстары ретінде бағалап, санаққа қатыспаған.
1926 жылғы санақ бойынша Батыс Сібірде 90 мың сібір татарлары мен 28 мың еділ-орал татарлары тіркелген.
2002 жылғы жалпыресейлік санақтың қорытындысы бойынша жоғарыда атап өтілген облыстардағы татарлардың саны 358 949 адам болды. Көптеген жариялымдарда сібір татарларының саны 190-210 мың арасында деп көрсетілуде. Сібір татарларының басым көпшілігі өздерін үлкен татар ұлтының құрамдас бөлігі ретінде сағандықтан, ресми мәліметтерден ауытқуға алып келді. Санақ кезінде Сібір хандығының тарихы аймағына сәйкес келетін облыстардағы 358 мың татардың 9289-ы өздерін сібір татарлары деп белгілеген. Сібір татарларының ең үлкен үлесі Түмен (7890) және Қорған (1081) облыстарында байқалған.
Батыс Сібірдің мұсылман емес халықтарының біразы (хакастар, шорлар, телеуіттер) әлі күнге дейін өздерін "татар" немесе "тадар" деп атауда.
Remove ads
Этникалық тарихы
XIII ғасырда сібір татарларының қоныстану аймағы Жошы ұлысының құрамына кіретін. XIV ғасырда Түмен хандығы (астанасы Чимги-Тура), ал XV-XVI ғасырларда Сібір хандығы (астанасы Ескер) пайда болды.
Ресейдің Сібір хандығын жаулап алып, сібір татарларының қоныстану аймағының тұрақтылығына қарамастан, тарихшы Ш.Ф. Мұхамедияров сібір татарларын Сібр аймағын мекендейтін халықтардың арасында ең аз зерттелгендердің қатарына қосқан.
Тарихшы Н.А. Томилов бастапқы кезде сібір татарларын бөлек ұлт ретінде санаған. Кейін көзқарасын өзгертіп, оларды этнографикалық топ ретінде көрсеткен.
Remove ads
Генетикалық қоры
Y-хромосомасының кездесу жиілігінің кестесі
Remove ads
Дереккөздер
Wikiwand - on
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Remove ads